Жаңалықтар

Израильдегі өршіген қақтығыс әсерінен алтын бағасы да өсіп жатыр

фото: kursiv.media

ХАМАС Израильге шабуыл жасағаннан кейінгі өршіген шиеленіс әсерінен активтерге сұраныс артып, алтын бағасы ерекше өсті. Алтын бағасы шілде айындағы межеден асты. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Дүйсенбіде бағалы металл 1,2%-ға қымбаттады, өйткені қаржы нарықтары Газа содырларының соққысынан туындаған құбылмалылық пен «экономикалық үсіктің» жүріп өтуіне дайындалды. Қақтығыстан кейін мұнай бағасы өсті, өйткені қақтығыс Таяу Шығыстағы шиеленісті күшейтуге қауіп төндірді. Айта кетейік, мұнда әлемдік жеткізілімдердің үштен бірі орналасқан. Сонымен қатар, доллар нығайды.

Израильдегі кенеттен болған дағдарыс алтынға кішігірім сыйлықақы қосқанымен, үлкен өсім қақтығыстың бүкіл аймақта қатты күшейген жағдайында ғана болады, дейді Дэвид Леннокс, Fat Prophets зерттеу компаниясының талдаушысы.

Құймалар наурыздан бастап ең төменгі деңгейге жақындағаннан кейін өткен аптадағы жұмада қайтадан көтеріле бастады. Оған Федералды резервтік жүйенің қатаң ақша-несие саясатын сақтайтыны туралы сигналдары әсер етті.

Таяу Шығыстағы шиеленістер Федералды резервтің «белгісіздік жағдайында ставкаларды көтеруді жалғастырмайтынын және мұнай бағасы жоғарылауының инфляциялық әсеріне қарамастан, ең жоғары ставкаларға қол жеткізу перспективасы кенеттен жақындағанын «білдіруі мүмкін», – деді федералды резервтің басшысы Оле Хансен.

Comex фьючерстерін сататын хедж-қор менеджерлері 11 айда алғаш рет таза қысқа позицияға көшті, ал биржалық қор инвесторлары метал сатуды жалғастырды. Спот алтын бағасы Нью-Йоркте таңғы сағат 10:29-да бір унция үшін 0,9%-ға өсті (1850,42-ге дейін).

Еске сала кетейік, Израильдегі жағдайдан соң еуропалық және америкалық ірі қорғаныс компаниялыраның акциялары көтерілген. Орташа өсім шамамен 7%-9%-ды құраған.

Атап айтқанда, дүйсенбі күнгі саудада шведтік ұшақ өндіруші Saab компаниясының акциялары 9,11%-ға қымбаттап, 572,4 швед кронына (52,08 доллар) жетті. Неміс танк өндірушісі Rheinmetall компаниясының баға белгілеулері 6,5%-ға өсіп, 248,9 еуроға (264,5 доллар), ал итальяндық тікұшақ өндірушісі Leonardo 4,33%-ға өсіп, 17,59 долларға дейін көтерілді.

Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнайға да әсер еткен. Бұл жайлы шолуда хабарладық. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 89 долларды құраса, ал WTI барреліне 86 доллардан асты. Bloomberg басылымының жазуынша, палестиналық ХАМАС содырлар тобының Израильге тосын шабуылы мұнай тасымалын тежейді деген қорқыныш тудырып отыр.