Уран бағасының жыл басынан бері 43,4%-ға өскені KASE-ні былтырғы құлдыраудан құтқарды ма?

Жарияланды

KASE Индексінің мәні 26,2%-ға өсіп, 4 103,83 пунктке жетті. Ал акциялар нарығын капиталдандыру 27,4%-ға немесе 5,8 трлн теңгеден 27,0 трлн теңгеге дейін өсті. «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) 2023 жылдың тоғыз айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлады.

Қазақстан қор биржасы 2023 жылдың үшінші тоқсаны мен тоғыз айындағы биржалық нарық жұмысының нәтижелері жайлы мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 283,4 трлн теңгені құраған. 2022 жылдың осы кезімен салыстырғанда 46,4%-ға немесе 89,8 трлн теңгеге өскен.

Айта кетерлігі, 2023 жы, 1 қазандағы жағдай бойынша KASE сауда тізімінде орныққан 225 эмитенттің 621 атауы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды.

Сонымен қатар, Қазақстан қор биржасының мәліметінше, тоғыз айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 147 мың жаңа дербес шотты тіркеген.

Акция нарығындағы ахуал

Акциялар нарығын капиталдандыру жыл басынан бері 27,4%-ға немесе 5,8 трлн теңгеге өсіп, 27,0 трлн теңгені (56,5 млрд USD) құрады. Бұл ретте 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 18,0%-ға немесе 4,1 трлн теңгеге өскен.

Мұндай өсімнің негізгі үлесі KASE индексіндегі компанияларға тиесілі акциялардың бағасы түзетілгендігінде жатыр.

Қыркүйек айының соңында KASE сауда тізіміндегі 84 эмитенттің 98 атауындағы акциялар, оның ішінде листингтік емес бағалы қағаздар секторында – екі компанияның екі атауындағы акциялар болды. Үшінші тоқсандағы KASE ресми тізімінен Эмитенттің бастамасы бойынша «Fincraft «Инвестициялық үйі» АҚ жай акцияларын, ақпаратты ашу жөніндегі талаптарды сақтамауға байланысты «North Caspian Petroleum» АҚ (North Kaspian Petroleum) жай акциялары және заңды акциялардың таратылуына байланысты «Chinatown» АҚ жай акцияларын Листингтік емес бағалы қағаздар тізімінен алынып тастады.

Ақпаратқа сәйкес, сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1 402,2 млн теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны 2 822 теңгені, бір мәміленің орташа көлемі 497,0 мың теңгені құраған.

KASE индексі

KASE индексі 2023 жылдың шілде басында өткен жылдың құлдырауын толық жеңіп шықты, кейіннен ұзақ мерзімді өсуді жалғастырды. 22 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындысы бойынша индекс 4000 пункт белгісін еңсерді. Жыл басынан бері KASE индексі 26,2%-ға немесе 852,19 пунктен 4 103,83 пункке дейін өсті. 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша KASE индексі 13,8%-ға немесе 499,08 пункке артты.

Қазақстан қор биржасы өсімнің негізгі тегершігі ретінде «Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ын атайды. Мәліметте:

Өсімнің негізгі драйвері «Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның 51,5% бағасына қосқан жай акциялары болды. Компанияның негізгі шикізаты – уранның бағасы жыл басынан бері 43,4%-ға өсіп, атом энергетикасына әлемдегі қызығушылықтың жандануы және Канада мен Нигер Республикасы тарапынан уран ұсынысының төмендеуі аясында бір фунт үшін 48,8 доллардан 70,0 долларға дейін өсті, – делінген.

Естеріңізде болса, «Қазатомөнеркәсіп» сұраныстың өсуі аясында 2025 жылы уран өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Дегенмен, KASE дерегінше, «KEGOC» АҚ акциялары осы жылдың тоғыз айын 8,0% құлдыраумен түйіндеген. 2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 49,2%-ға, 26,7 млрд теңгеге, дейін төмендеді, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында таза пайданың өсуі 64,3% – 2 23,0 млрд теңгеге дейін құрады.

«KASE Global» секторы

2023 жыл, қыркүйек айының соңында «KASE Global» секторында 53 шетелдік Эмитенттің 59 бағалы қағазы, оның ішінде 45 атаудағы акциялар және 14 шетелдік Эмитенттің ETF-і болды. Үшінші тоқсанда» KASE Global » секторына Occidental Petroleum Corporation акциялары енгізілді.

Нақтырақ айтсақ, тоғыз айдағы ең көп сауда көлемі келесі акцияларға түскен:

Apple Inc. (AAPL_KZ) – жалпы сомасы 6 541,3 млн теңгеге 3 627 мәміле;

Microsoft корпорациясы (msft_kz) – жалпы сомасы 2 451,1 млн теңгеге 679 мәміле;

Tesla, Inc. (TSLA_KZ) – жалпы сомасы 1 200,5 млн теңгеге 5 622 мәміле.

Қорытындысында, шетел валюталары нарығына қатысты ақпаратқа ерекше тоқтала кеткен дұрыс. Тоғыз айдағы сауда-саттық көлемі 22,4 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 60,5%-ға немесе 8,4 трлн теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 122,3 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 556, бір мәміленің орташа көлемі – 219,8 млн теңгені құрады.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) – Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші, ал FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша төртінші орында.

Бұл корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, ақша нарығының операциялары – репо және своп, сондай-ақ туынды құралдар үшін әмбебап сауда алаңы. KASE халықаралық биржалар Федерациясының (WFE), Еуроазиялық қор биржалары Федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі, сондай-ақ БҰҰ-ның «Тұрақты даму үшін қор биржалары» бастамасының қатысушысы.

Сондай-ақ оқыңыз