Жыл басынан бері сауда мөлшерлемесінің жоғарғы шегін бұзған 696 факті анықталған

Жарияланды

фото: kursiv.media

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың хабарлауынша, сауда-саттық саласындағы делдалдық схемаларды тексеретін өңірлік комиссиялар жыл басынан бері сауда мөлшерлемесінің жоғарғы шегі бұзылған 696 фактіні анықтаған. Екі ортадан пайда табатын 814 делдалдар тізбегі талданып, 146 заң бұзушылық анықталып отыр.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексіне тоқталды.

Үкімет басшысы орынбасарының хабарлауынша, 4 айдан астам уақыттан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі біртіндеп төмендеген:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстемақы 15 пайыздан аспауы үшін сауда нысандарымен және өнім өндірушілермен 11,5 мыңға жуық келісім-шарт жасалды, – деді Дүйсенова.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс отырысы өтіп жатыр. Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенова жиында астықтың жиын-терін көлемі елімізді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатынына сендірді.

Сондай-ақ оқыңыз