Жыл басынан бері Ұлттық банк резервіндегі қаржы көлемі төмендеп келеді

Жарияланды

фото: kursiv.media

Ұлттық банктің таза сыртқы активтері шілде айынан бастап 570,1 млрд теңгеге ұлғайып, 2023 жылдың қыркүйегінде 43,0 трлн теңге болған. Қазақстан Ұлттық банкі 2023 жылдың қыркүйек айының соңындағы өз активтерінің жай-күйіне қатысты алдын ала монетарлық шолу жариялады.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қыркүйекте таза активтер 43,0 трлн теңге болды. Айта кету керек, таза сыртқы резервтердің басым бөлігін таза халықаралық резервтер (14,2 трлн теңге), жалпы халықаралық активтер, ЕАВ (15,2 трлн теңге) және Ұлттық қордың активтері (27,4 трлн теңге) құрайды.

Сонымен, 2023 жылдың қыркүйек айының соңындағы активтерді төмендегідей жіктеуге болады:

Таза сыртқы активтер – 42,997 трлн теңге
Таза ішкі активтер – ( – ) 32,674 трлн теңге
Пасс️сивтер – 10,324 трлн теңге
Резерв️тегі ақша – 8,843 трлн теңге

Деректерге назар аударсақ, 2023 жылдың тамызымен салыстырғанда қыркүйекте жалпы халықаралық активтер мен таза халықаралық резервтердің төмендеуі байқалады. Ұлттық қордың активтері де төмендеген. Мысалы, бұл құбылыс: Ұлттық қордың активтері
(- ) 104,2 млрд теңге, Жалпы халықаралық активтер (- ) 286,7 млрд теңге, Таза халықаралық резервтер (- ) 186,4 млрд теңге есебінде көрініс тауып отыр.

дереккөз: www.nationalbank.kz

Дегенмен, Ұлттық банктің деректеріне сенсек, өткен аймен салыстырғанда қыркүйектегі таза ішкі активтер 59,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2023 жылғы ақпанда активтер (-) 29,7 трлн теңге деңгейінде болып, тамыз айында біршама төмендеді.

Пассивтердің қаңтар айынан бастап қыркүйекте 10,3 трлн теңгеге дейін азайғаны көрінеді. Сонымен қатар, 2023 жылдың шілдесінен бастап резервтік ақша 743,5 млрд теңгеге төмендеген.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес қаңтар айынан бастап ақша резерві 8,8 трлн теңгеге дейін азайған. Айта кетейік, жыл басынан бері резервтік ақшаның төмендеуі байқалады. Маусым айында шамалы ұлғайғанымен, жалпы динамика әлі де құлдырауды көрсетіп отыр. Ақша резервіне қатысты деректер мынадай:

қаңтар: 10,679 трлн теңге
ақпар: 10,047 трлн теңге
наурыз: 10,284 трлн теңге
сәуір: 9,854 трлн теңге
май: 9,654 трлн теңге
маусым: 10,441 трлн теңге
шілде: 9,587 трлн теңге
тамыз: 9,068 трлн теңге
қыркүйек: 8,843 трлн теңге

Ескек сала кетсек, Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ал Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтар үндеу тастап, 1,5 миллионға iPhone алғанша ақша жинауды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз