Фотошоппен өңделген 3 мыңнан аса жалған техбайқаудың күші жойылды

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: shutterstock.com

3 мыңнан аса жалған техбайқау картасының күші жойылды. Оларда көлік құралын техникалық байқаудан өткізу ережесі өрескел бұзылған. Тексеріс барысында фотоөңдеуден өткені анықталған. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп бұзушыларға 1414 нөмірінен қайтадан техникалық байқаудан қайта өту қажеті туралы SMS хабарламалар жіберіледі.

Күші жойылған цифрлық құжат eGov mobile мобильді қосымшасында да көрсетілмейді.

«4 шілдеде заң жүзінде жалған техникалық байқаудың күшін жою туралы өзгерістер енгізілген Ережелер күшіне енді. Жақын арада Көлік комитетімен сол техникалық байқау ережелерін бұзғандардың құжаттарын жою шараларын қабылдаймыз. Осындай шаралардан кейін азаматтар техникалық байқауды «сатып» алмайды, керісінше оларды заңды түрде өтеді деп сенеміз. Өйткені жолдағы адамдардың қауіпсіздігі мен өміріне бірінші кезекте жүргізушілердің өздері жауапты»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма басшысы Ростислав Коняшкин.

Қазіргі уақытта «Техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 820 техникалық байқау операторы қосылған. «Техникалық байқау» БАЖ операторы аптасына кемінде екі рет жүйеге келіп түскен деректердің объективті мониторингін жүргізеді, көлік саласындағы салалық бірлестіктер мен ұйымдар арасынан, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдерінен жұмыс тобын құрады.

1 қыркүйектен бері көлік жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі«техникалық байқау» құжатын алып жүрудің қажеті жоқ. «Техникалық байқаудың диагностикалық картасы» электронды үкіметтің EgovMobile мобильді қосымшасының жеке кабинетінде, цифрлық құжат ретінде сақталатын болады. Цифрлы құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі баламасымен бірдей.

Айта кетейік бұған дейін Десаумин ақтандыру жоқ азаматтардың көлік жүргізуіне тыйым салуды ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз