Алматы облысы Есік қаласының әкімі Асхат Аңсатбаев пара алды деп күдіктелуде. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жергілікті атқарушы органдардың заңсыз әрекеттері бойынша азаматтардың шағымдарына жедел ден қою нәтижелерімен жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасауда Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді», делінген хабарламада.
Әкім Есік қаласының балаларға арналған ойын алаңын абаттандыру кезінде мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз жұмсаған. Сонымен бірге жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.
«Күдікті кінәні толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», деп хабарлайды агенттік.
Асхат Аңсатбаев 2022 жылы наурызда өткен әкімдер сайлауында 54,9 пайыз дауыс жинап, Есік қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Сол кезде әкім өздеріне үміт артқан тұрғындардың сенімінен шығатынын айтып, елді мекеннің өркендеуі жолында аянбай тер төгетінін жеткізген.
Бұған дейін, «Курсив»