Ұлттық Банк жеке және заңды тұлғалармен кассалық операция жүргізу қағидасын өзгертеді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Ұлттық Банк жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын өзгертеді. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» банк қаулысы жеке және заңды тұлғалармен кассалық операцияларды жүргізу тәртібін жетілдіруге бағытталған.

Осы құжат көмегімен «Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы» бизнес-процесіне қатысушылар арасында функцияларды қайта бөлу есебінен ақша белгілеріне сараптама жүргізу тәртібі жетілдіріледі. Сонымен бірге өзгертілген дизайны (нысаны) бар банкноттарды сол номиналдағы айналыстағы банкноттарға айырбастау функциясын кеңейтіліп, клишелер мен жапсырмаларды пайдаланбай санау-сұрыптау машинасында банкноттардың бумаларын қалыптастыру және буып-түю жөніндегі талаптармен толықпақ.

«Заңды тұлға, мемлекеттік мекеме алған банкноттар мен монеталарды оның уәкілетті өкілі кассадан кетпей тұрып, банкноттар мен монеталарды берген шығыс кассасының касса қызметкерінің қатысуымен қайта санайды және: 1) банкноттарды – будалар және бумалар бойынша, жекелеген парақтарды – парақтап қайта санап; 2) монеталарды – қапшықтарға бекітілген жапсырмалардағы жазбалар бойынша, пакеттердегі монеталарды – олардағы жазбалар бойынша, ал жекелеген монеталарды – бір-бірлеп қайта санап тексереді. Шығыс кассасының касса қызметкері уәкілетті өкілдің қатысуымен банкноттар салынған толық будалардағы және монеталар салынған қапшықтардағы пломбалар мен клишелерді (бар болса) кеседі», делінген құжатта.

Қаулы 30 қазанға дейін талқылауда болып, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз