2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миистрлігінң баспасөз қызметі хабарлады.
«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында кезең-кезеңімен 1,5% – дан 5% – ға дейін жұмыскерлерінің пайдасына аудару жоспарлануда. Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілетін болады», делінген хабарламада.
Бұл өзгеріс қазақстандықтардың жас буынын қолдау үшін енгізіп отыр. Яғни азаматтардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралатын болады.
«ЖМЗЖ енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті. Осылайша, әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен ортақ жауапкершілігі болады. Салық кодексіне сәйкес салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу бойынша шығыстары тиімді деңгейде қалады», деп хабарлайды министрлік.
Еске сала кетсек, 2021 жылғы ақпан айынының 18-інен бастап, 2023 жылғы 1 қазанға дейін Инвестициялық портфельді басқарушыларға 12,7 млрд теңге аударылып, қор 9 240 өтінішті орындадған.
Жалпы қазіргі кезде қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенімі аз. Оған кейінгі жылдары азаматтардың БЖЗҚ-дан алған қаржысы дәлел. Сондықтан БЖЗҚ тек зейнетақы жинақтары өз есепшотында жинайтын есеп орталығы емес, азаматтарды зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыратын әлеуметтік институт ретінде жұмыс істеуі тиіс. Бұл туралы БЖЗҚ туралы конференция барысында оқылған Премьер-министр Әлихан Смайыловтың құттықтау хатында айтылды. Оны Премьер-минитрдің орынбасары Тамара Дүйсенова оқып берді.
БЖЗҚ есебіне сәйкес, тамыз айында Ұлттық банк 2017 жылдан бері алғаш рет Оманның долларлық облигацияларын сатып алған. Оған жұмсалған қаржы шамамен 34 млрд теңгені құрайды. Бұл бір айда құнды қағаздарға салынған инвестицияның шамамен 9 пайызына тең. Солайша қазақстандықтардың зейнетақы жинағынан Оман еліне қарыз берілген.