Жаңалықтар

Қазақстанда мопедті тіркеуге қою, оған нөмір алу міндеттелуі мүмкін

Фото:shutterstock и freepik

Алдағы уақытта елімізде мопед көлікттері міндетті тіркеуді және ал жүргізушілеріне рұқсат куәліктерін беруді енгізу қарастырылуда. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Жаңа талаптарды енгізуді кім ұсынды. Игорь Лепеха бұл ұсынысты Ішкі істер министрлігінің өзі бастамашылық еткенін және мопед жүргізушілерінің, әсіресе Алматы мен Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан жол-көлік оқиғасының саны артқанын мәлімдеді.

«Мәселе күрделі, мопедтерді тіркеу, мемлекеттік нөмірлік белгілер мен жүргізуші куәлігі мәселесі бойынша Мәжіліске ұсыныс енгізілді. Депутаттар бізді қолдайды ма, жоқ па, біз білмейміз. Мәселені депутаттармен талқылаймыз,», – деді Лепеха.

Мопед жүргізушілері жол ережесін қаншалықты жиі бұзады. Министрдің орынбасары қыркүйек-қазан (толық екі ай емес) айында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 5 мыңнан астам мопед жүргізушісі жауапқа тартылғанын айтты. Оның 271 -і жаяу жүргіншіге соғылғаны үшін, 110- ы жол қозғалысы ережелерін қайта бұзғаны үшін, 214- і кәмелетке толмағандардың мопедін басқарғаны үшін, 20 – сы алкогольдік немесе есірткілік жағдайда мопедті басқарғаны үшін айыппұл арқалады.

Айта кетейік, ІІМ бастамасы қозғалтқыш көлемі 50 см3-тен аз мопедтерге қатысты. Өйткені олар заңнамаға сәйкес көлік құралдары деп танылмайды және тіркеуді қажет етпейді.

Естеріңізде болса, Электрсамокаттарды пайдаланудың жаңа ережелері күшіне енді.

Бұған дейін Кәмелекте толмағандардың электросамокат тебуіне тыйым салынады деп хабарладық.