Қанша қазақстандық балаларының білім алуына ақша бөледі – зерттеу

Жарияланды

Freedom Life Өмірді сақтандыру компаниясының мамандары қазақстандық ата-аналардың қаншасы өз баласы үшін бірден ЖОО-ның ақысын төлей алатынын, ал кімдер жинақтауды жоспар жүргені жайлы әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Сақтандырушылар 3 пен 15 жас аралығындағы балалары бар респонденттердің 71,5% – ы балаларының жоғары біліміне ақы төлеу үшін қаражат жинау қажеттілігі туралы ойлайтынын анықтады. Алайда, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жалпы санының тек 27,3% – ы ғана қазір ақша жинауда.

Зерттеу көрсеткендей, қазір балалардың біліміне ақша жинайтын ер адамдар 30,3%, ал әйелдер қауымы тек- 24,5%.

Жоғары оқу орындары мен колледждерге жинайтын ата аналардың жас ерекшеліктеріне тоқталып кетсек, 18-29 жастағы ата -аналар —26,7%, 30-44 жастағы — 28,4%, 45-59 жастағы-26,1%.

«Жастардың орта және ересек жастағы адамдармен бірге жинақ жасауы бұл ата – аналардың балалары мектепке барғанға дейін оқуға жинақ туралы ойлайтынын көрсетеді», – деп қорытындылады мамандар.

Тұрғылықты жері бойынша қала тұрғындары білім алуға ақша жинайтындардың саны көбірек.

Көбінесе қазақстандықтар жоғары білімге банктік депозиттердің көмегімен — 26% жинайды. Ал қалғандары мүмкіндігінше жалақыдан үнемдеуге тырысады. Бұл – 20,5% -ды құрайды. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндегі өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы бойынша жинақтаушылар немесе жақын арада 6% жинақтауды бастайды.

«Қалғандары жылжымайтын мүлікті сатып алу/сату, бағалы қағаздарға инвестициялау, қолма- қол ақшаға сатып алу және т.б. сияқты жинақтаудың басқа тәсілдерін қолданады», – делінген зерттеуде.

Жоғары білімге жинақтау туралы сұраққа теріс жауап берген ата-аналар әртүрлі себептерді атады. Негізгілері-ақшаның жетіспеушілігі, табыстың төмендеу немесе басқа да басым шығындар бар.

«Респонденттердің 26% – ы болашақ туралы ойламайды. Ата-аналардың 5% – ы балаларының тегін, грантта оқитынына немесе білімін өз бетінше төлейтініне сенімді. Ата-аналардың 3% – ы бұл мәселені уақыт өте келе шешуді жоспарлап отыр. 2%-ы балаларға колледжде немесе университетте оқудың қажеті жоқ деп санайды, орта мектеп бағдарламасын меңгеру жеткілікті», – деп жазады сақтандырушы.

Осы сауалнамаға қатысқан респонденттердің 61,8% – ы мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде балаларға білім беруге жинақтау жөніндегі бағдарламалардың бар екендігі туралы білмейді.

Қала тұрғындары ауыл тұрғындарымен салыстырғанда ӨЖС бағдарламалары туралы көбірек біледі (9,8% қарсы 5,6%). Аяқталмаған жоғары және жоғары білімі бар респонденттер (34,5%) орта білімі барлармен (22,6%) салыстырғанда жинақтау бағдарламалары туралы жиі естіген.

Сондай-ақ оқыңыз