Пашинян жыл соңына дейін Әзірбайжанмен бейбітшілік туралы келісімге қол қоюға дайын

Жарияланды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжанмен 2023 жылдың соңына дейін бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Интерфакс ру сайты хабарлады.

«Біз осы жылдың соңына дейін Әзірбайжанмен бейбітшілік туралы келісімге қол қоюға дайынбыз», – деді ол Еуропарламентте.

Ол Ереван елдердің егемендігі негізінде өңірлік коммуникациялардың құлпын ашуға, Әзірбайжаннан келетін жүктері мен жолаушыларының Армения аумағы арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.

«Біздің аймаққа бейбітшілік қажет, аймақтың барлық елдері ашық шекарада өмір сүретін жағдайға мұқтаж», – деді Пашинян.

Пашинян Армения мен ЕО арасындағы қарым – қатынастың «жоғары динамикасын» жариялап, «демократия-Арменияның стратегиялық таңдауы»екенін атап өтті. «ЕО институттары арасында қарым – қатынасты тереңдету бойынша консенсус бар екені анық», – деп қосты ол.

Сондай-ақ оқыңыз