Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген таксистер мен курьерлер зейнетақыға қаржыны қалай жинайды?

Жарияланды
Фото: shutterstock

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген таксистер мен курьерлер зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді қалай төлеуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Оның айтуынша, онлайн-платформаларда жұмысқа орналасқан қызмет көрсетушілер – курьерлер мен жүргізушілер порталында тіркелу уақытша тоқтап қалды.

«Бұл қызметті жүзеге асыратын барлық тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Сол себепті де бұл көлік қызметін көрсететін азаматтардың тіркелу үрдісін кешеуілдетеді. Енді мен Үкімет басшысына осы 4 пайызды енгізіп, бірақ ешкімді тіркемеу үшін үкіметтің қаулысын қабылдап, салық салудың басқа тәртібін қабылдау қажет екенін айттым. Ол үшін интернет-платформада жария келісімге қосылу жеткілікті және сәйкесінше, БЖЗҚ, МӘСЖ және МӘМС-ке төленетін қаражатты оператор бір төлеммен жүзеге асырады», дейді министр.

Министр бұл мәселеде жүргізушілер тарапынан қойылатынын сұрақтардың көп екенін айтты.

«Жүргізушілердің де бұл мәселеде сұрақтары өте көп. Мәселен, бүгінде олар оператормен жұмыс істеп, жүргізушілерді жинайтын ортадағы делдалға 4 пайыз төлейді екен. Ал біз, жүргізушілерге оператордың өзімен тікелей жұмыс жасай алатынын айтамыз. Сол төлейтін 4%-дың бір пайызы жеке кәсіпкерлерге арналған бюджетке кетсе, қалған 3 пайызы әрқайсысы бір пайыздан – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, медициналық сақтандыру қорына және әлеуметтік сақтандыру қорына кетеді. Бұл өзіңді сақтандырудың ең қолайлы жолы емес пе? Бұл аударымдар түсіп отырса, онда ол адам, базалық зейнетақыны есептеу кезінде интернет-платформада жұмыс істеген жылдарын есепке алуға құқылы. Сонымен бірге әлеуметтік тәуекелдер туындаса, төлем алуға, медициналық қызмет алуға құқылы, өйткені оның мәртебесі сақтандырылады», деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз