ҚР СІМ Израильде отандастарымыз қаза болды деген ақпаратқа ресми түсінік берді

Жарияланды
ҚР СІМ Израильде қазақстандықтардың қаза болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Израиль СІМ ХАМАС шабуылына байланысты бір қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық туралы хабарлады. ҚР Сыртқы Істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Израиль СІМ-нің Facebook-тегі орыс тіліндегі парақшасында ХАМАС шабуылынан қайтыс болған және хабар-ошарсыз кеткен басқа елдердің азаматтары туралы хабарлама пайда болды. Онда қазақстандықтар туралы айтылды. СІМ мәліметтері бойынша, бір қазақстандық қаза тауып, тағы екеуі хабар-ошарсыз кетті. Деректер 18 қазанда сағат 8:00-де өзекті.

«Израильде қазақстандықтардың қаза болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Израиль әскерилері «Хамас» ұйымының шабуылына жауап ретінде арнайы операция бастады.

Естеріңізде болса, Қазақстанның Израильдегі елшілігі қазақстандықтарға үндеу жариялады.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 10 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Израильдің Тель-Авив қаласынан Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шыққанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз