Президент ТМД елдері аясында орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімге қол қойды

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: Ақорда

ТМД елдері аясында орыс тілін қолдау және ілгерілету жөніндегі ұйым құрылады. Қазақстан орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы келісімге қол қойды. Президент қаулысы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

«Қоса беріліп отырған Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шарттың жобасы мақұлдансын.

Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартқа Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген жарлықта.

Бұл ұйым ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің 2022 жылғы 14 қазандағы тұжырымдамасы негізінде құрылып отыр. Шартқа сәйкес, ол халықаралық құқықтық субъектілігі бар халықаралық үкіметаралық ұйым және пайда табуды көздемейді.

Ұйым немен айналысады?

Аталмыш ұйым орыс тілін мемлекетаралық қарым-қатынас тілі және коммуникация құралы ретінде сақтау мақсатында орыс тілінде сапалы білім беруді қолдау, «орыс тілі мен әдебиеті» және «орыс тілі шет тілі ретінде» бағыттары бойынша педагог және ғылыми кадрларды даярлауға және орыс тілін оқыту саласындағы мамандардың кадрлық резервін қалыптастыруға жәрдемдедеседі.

 Сонымен қатар орыс тілі саласындағы білім беру процесі, ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелердің материалдық-техникалық базасын нығайттуға ат салыспақ.

Осы шартқа қол қойған мемлекеттер тіліндегі классикалық және қазіргі заман авторларының әдеби шығармаларын орыс тіліне және орыс тілінен кері аударыспақ.

Одан бөлек, орыс тілін зерделеу мен оқытудың перспективалары мен бағыттарын талқылайтын ғылыми конференциялар, орыс тілі бойынша халықаралық кітап көрмелерін, халықаралық диктанттарды, шешендік өнер конкурсын өткізуі керек.

25 қыркүйекте Ғылым министрлігі орыс тілін қолдайтын халықаралық ұйым құру туралы жарлық жобасын ашық талқылауға шығарған болатын. Жарлық жобасын талқылауға бір-ақ күн берілді.

2023 жыл ТМД елдерінде 2023 жыл орыс тілі жылы болып жарияланды.

ТМД Атқару комитетінің мәліметінше, бұл тілде дүние жүзінде 250 миллион адам сөйлейді. Орыс тілі – БҰҰ-ның алты ресми тілінің бірі.

Сондай-ақ оқыңыз