Жаңалықтар

Ұлытау облысында NEET жастарының үлесі өте жоғары

Фото: kursiv.media

Еліміздің 7 өңірінде жастар жұмыссыздығының проблемасы шешілмеген. Бұл жайлы Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары жазған.

Иниститут мамандары Қазақстанның 3 облысында және 3 мегаполисінде халықтың әл-ауқатының төмендеуі мен жұмыспен қамту мәртебесіне байланысты сараптама жасаған.

Зерттеу барысында Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің және Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде  жұмыспен қамту мәртебесі және оның халықтың әл-ауқат деңгейіне әсері бағаланған.  

Сарапшылардың айтуынша жұмыспен қамту мәртебесі адамның әл-ауқат деңгейіне әсер етеді, ал жұмыссыздық проблемаларының әл-ауқат деңгейіне теріс әсері болады. Зерттеу аясында аймақтық әл-ауқат индексі құрастырылып, оның құрамында материалдық жағдайлар бойынша аймақтық әл-ауқат индексі есептелген және оған жұмыспен қамту және еңбек жағдайы жөніндегі сауалнама көрсеткіштері кірген.

Нәтижесінде халықтың еңбек нарығының статистикалық көрсеткіштері талданып, жұмыссыздық проблемасы 20 өңірдің 8-де аса жоғары екені анықталған. Атап айтанда, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында жұмыссыздық мәселесі аса өткір.

«Жастар жұмыссыздығы проблемасын 20 өңірдің ішіндегі 7 өңірде өте өткір деуге болады. Олар – Алматы және Астана қалаларында, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары. Еңбек нарығына қатысты өте маңызды мәселе – бұл NEET жастарының үлесі. Бұл көрсеткішті төмендету өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Осылайша, Ұлытау облысында NEET жастарының үлесі өте жоғары, ал Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында көрсеткіш айтарлықтай жоғары», дейді сарапшылар.

NEET термині – ағылшын тіліндегі «Not in Empoloyment. Education or Trai­ning». Қазақ тіліне аударғанда «не жұ­мыс істемейтін, не оқымай­тын, не өзге де істермен айналыс­пайтын адам» дегенді білдіреді.