АҚШ еврейлері Израильден соғысты тоқтатуды талап етіп, митингке шықты

Жарияланды
протесты
Ауқымды наразылық шарасы Түркияда да өтті / shutterstock

Сәрсенбі күні 18 қазанда жүздеген еврей белсенділері Капитолийдегі Cannon House кеңсесінің ғимаратының алдына жиналды. Олар «Еврей халқы бейбітшілікке үндейді!», «Газа өмір сүрсін!» деген ұранмен келген. Бұл жайлы Washingtonpost басылымы жазды.

Олар Газадағы гуманитарлық жағдайдың тым қиындап кеткенін айтып, АҚШ Конгресінен соғысты тоқтату туралы резолюция қабылдауды талап етті. Cannon House ғимаратына басып кірген 300-ге жуық адамды АҚШ полициясын қамауға алды.

Шеруге шыққан еврей заматтары Газа секторындағы палестиналықтардың жағдайына алаңдайтынын жеткізіп, «Қанымыз бір түсті», «Сионизм – расизм» деген жазуы бар баннерлер арқылы үндеу тастаған олар, Палестина жалауын желбіретті.

«Біз мұнда «біздің атымыздан жасалып жатқан жоқ» деп айту үшін келдік», – деді Джей Сапер. «Біз геноцидті басынан өткерген ұлт ретінде дәл қазіргі сәтте геноцидтің болуына жол бермеу үшін келіп тұрмыз», деді.

Ғимаратқа басып кірген азаматтар «Біздің атымыздан емес» және «Еврейлер атысты қазір тоқтатуды талап етеді» деген жазуы бар қара киімдермен жүрген. Басылымның хабарлауынша, ол шеруге 400 американдық еврей мен 25 раввин қатысқан.

«Біз наразылық білдірушілерге демонстрацияны тоқтатуды ескерттік, олар біздің бұйрығымызды орындамағаны себепті оларды қамауға алдық», деп мәлімдеген Капитолий полициясы.

Полицияның хабарлауынша, 300-ге жуық адам қамалған, оның ішінде үш адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады деп айыпталып отыр.

Бұл шеруге Қиыр шығыста болып жатқан жағдайлар себеп болды. Соғыс басталғалы бері Палестинаны жақтаушылар әлемнің әр елінде қарсылық ретінде, митингке шығып жатыр. Әсіресе, Газадағы Әл-Ахли ауруханасына бомба тасталғаны туралы хабар дүниені дүр сілікіндірді. Онда 500-ге жуық адам қаза тапқан. Бұл жарылыс үшін ХАМАС та, Израиль де жауапкершілік алмады, олар бір-бірін кінәлап отыр.

Еске сала кетейік, Израиль СІМ ХАМАС шабуылына байланысты бір қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық туралы хабарлады. ҚР Сыртқы Істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

«Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдаймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз