Жаңалықтар

Freedom Holding Corp Тимур Турловтың Kcell АҚ директор кеңесі құрамынан шығуын түсіндірді

Тимур Турлов Kcell АҚ директорлар кеңесінен неге кетті? фото: Валерий Аяпов

Тимур Турлов Kcell АҚ директорлар кеңесінің құрамынан өз еркімен шықты. Кәсіпкер бұл компанияның директорлар кеңесінің мүшелігіне 2019 жылдан бастап кірген еді. Бұл туралы «Freedom Holding Corp.» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тимур Турлов 2019 жылдан бері мүшелік етіп келе жатқан «Kcell» АҚ Директорлар кеңесі құрамынан өз еркімен шықты. Телеком-бизнесті дамыту жоспарына байланысты ықтимал мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында бұл шешімді Турлов мырзаның өзі қабылдады», делінген компания таратқан хабарламада.

Естеріңізге саламыз, жұма 20 қазан күні Kcell АҚ баспасөз қызмет,компания акционері «Фридом Финанс» АҚ өкілі, Директорлар кеңесінің мүшесі Тимур Турловтың 2023 жылғы 11 қазаннан бастап Директорлар кеңесі құрамынан шығатынын хабарлағанын жария еткен болатын.

«Kcell, компанияның дамуына қосқан кәсіби үлесі үшін Турлов мырзаға алғыс білдіреді және келешекте табысты болуына тілектес», делінген еді ұялы байланыс операторы таратқан хабарламада.

Еске саламыз, бұған дейін БАҚ беттерінде Тимур Турлов телеком саласында бизнес ашуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған еді. FreedomTalks-қа берген сұхбатында ол 5G-ге негізделген байланыс желісін ашуды көздеп отырғанын мәлімдеген еді.

Kcell AҚ Директорлар кеңесінің қазіргі құрамы мынадай:

Буянов Алексей Николаевич – Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;

Калмис Джери (Jere Calmes) – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Рамазанов Ермек Тұржігітұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Пиетари Кивикко (Pietari Kivikko)- Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Кишкимбаева Әлия Бақыткірқызы – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;

Лезговко Александр Владимирович – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер «Қазақтелеком» АҚ өкілі;

Еске саламыз, Kcell АҚ акцияларының 51%-ы Қазақтелекомға, 14,87%-ы Ғалымжан Есеновке, 9,08%-ы «First Heartland Jusan Bank» JSC-ке, тағы 7,06%-ы БЖЗҚ-на тиесілі.