Тұруға ықтиярхаты мен уақытша тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктерге банк картасы ашылмауы мүмкін

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: kursiv.media

Ұлттық банк Қазақстанда тұруға ықтиярхаты немесе уақытша тұруға рұқсаты жоқ шетелдіктерге банк картасын беруге тыйым салатын қаулы жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Қаулы жобасында Қазақстанда уақытша жүрген немесе тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға банк картасы тұруға ықтиярхаты немесе уақытша тұруға рұқсат қағазы болса ғана ашылатыны жазылған. Құжат түсіндірмесінде банк картасын клиенттің өзі келіп және «Қазақстан аумағында жүруін растайтын құжаттарды» көрсеткен жағдайда ғана беруге болаты айтылған.

«Қазақстан Республикасына уақытша келетін немесе тұрақты тұратын шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісінше Қазақстан Республикасында уақытша тұруға берілген рұқсатты немесе  Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсатты ұсынған жағдайда, оларға төлем карточкасы шығарылады», – делінген құжатта.

Түсініктемеде шектеулер шетелдіктердің заңсыз операция жүргізбеуі үшін енгізіліп жатқаны айтылған. Ұлттық банк мұндай операциялар қатарына заңсыз есірткі айналымы мен ойын бизнесіне ықпал ететін операцияларды жатқызады.

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заң бойынша, елде тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ заңды түрде жүрген шетелдіктер уақытша жүрген болып саналады. лардың қатарында ЕАЭО елдерінің Қазақстанда жүргеніне үш ай толмаған және уақытша тұруға рұқсат рәсімдемеген азаматтары бар.

Қазіргі уақытта бірнеше азақстандық банк Қазақстанда заңды түрде жүрген ЕАЭО азаматтарына қосымша шартсыз карта аша береді. Олардың қатарында Kaspi Bank пен Halyk Bank бар. Кейбір несие ұйымдары еңбек шартын, уақытша тұруға рұқсат немесе тұруға ыхтиярхатты талап етеді.

Былтыр көктемде Ресейге қарсы санкция енгізіліп, Visa мен Mastercard халықаралық төлем жүйелері Ресейден кеткеннен кейін Қазақстан «карталық туризмде» танымал бағыттың біріне айналды. Осыған байланысты Ұлттық банк қайталама санкцияларды болдырмас үшін несие ұйымдарына шетелдік клиенттерді мұқият тексеруді ұсынған болатын.

Ресей мобилизация жариялаған соң, елімізге реолоканттар ағылып, банктер өздері оларға ЖСН бере бастаған еді. Шілдеде Цифлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шетелдіктерге ендігі жерде ЖСН банктер арқылы берілмейтінін мәлімдеді.

«ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің келісімі бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы ЖСН беру жөніндегі уақытша шешім іске асырылды және екінші деңгейдегі банктер арқылы ЖСН беру жөніндегі қызмет түрі бүгінгі күні атқарылмайды», – делінген Amanat партиясының депсауалына берілген жауапта.

Бағдат Мусин сонымен қатар, шетелдік азаматты сәйкестендіру оның ұлттық паспорты немесе заңнамада белгіленген өзге де құжат негізінде жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.

«Банк карточкасын алған кезде банк қызметкері клиентті ақпараттық жүйелерде есепке алу мақсаттары үшін талап етілетін ЖСН бойынша емес, оның жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша сәйкестендіреді», деді Цифрлық даму министрі.

2023 жылы ЖСМН алуға 142 581 өтініш түссе, соның ішінде 109 852 немесе 61,8%-ы Ресей азаматтарынан, сенімхат бойынша 2 393 адам өтініш берген.

Сондай-ақ оқыңыз