«Ұлттық қор балаларға»: ақша қашан түседі?

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков жауап берді.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясындағы алғашқы ақша балалардың шотына 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап түседі», – деді Қаржы вице-министрі.

Д. Темірбеков бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталатынын, ақшаны есептеу мен бір балаға шаққандағы соманы анықтауға бір ай қажет екенін айтты.

«Бұл қарапайым арифметика. 18 жылдағы инвестициялық табыстың 50%-ы 18 жасқа дейінгі қазақстандықтардың санына бөлінеді. Осылайша әрқайсы өзіне тиесілі соманы алады, – деді ол.

Қаржы вице-министрі 18 жасқа 1 ақпаннан кейін толатын азаматтар ақшаларын алу үшін электронды платформа арқылы өтініш білдіруге тиіс екенін мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорындағы қаражаттың бір бөлігін қазақстандық балалардың есебіне төлеу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Кейін 18 жасқа дейінгі балалардың шотына ақша аудару тәртібі түсіндірілді.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа дейінгі балаларға төлем доллармен төленетіні белігілі болды. Біршама уақыттан соң Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалар арасында тең бөлінетіні жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз