Кәсіпкерлердің бюджетке негізсіз төлеген 2,4 млрд теңгесі қайтарылады

Жарияланды
Шығарушы редактор
налоги
Фото: shutterstock; gov.kz

Фото: kursiv.media

Бас көлік прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіретін фактілерді анықтаған. Мәселен, 2 203 кәсіпкер бюджетке 2,4млрд теңгені негізсіз аударыпты, Бас көлік прокуратурасының актісі бойынша кәсіпкерлерге ақшаны қайтару бойынша жұмыс басталып, қазіргі кезде  500 кәсіпкерге шамамен 30 млн теңге қайтарылған.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бері қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлеу бойынша міндеттемелер өзгертіліп, кәсіпкерлердің жекелеген санаттары экологиялық төлемдерден босатылған.

«Осыған қарамастан, бұл мән-жайларды білмей, кәсіпкерлер тиісті төлемдерді жүргізуді жалғастырды, ал салық органдары олардың негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген.Мысалы, осындай төлемдерді төлеушілер санатына кірмейтін «№3 Sk автовокзал паркі» ЖШС мемлекеттік бюджетке 15 млн астам теңге төлеген»,- дейді Бас көлік прокуратурасы.

Көлік прокуратурасы органдарының араласуынан кейін ғана, кәсіпкерлерге оларды осындай алымдарды төлеушілер тізімінен алып тастаған.

Бас көлік прокуратурасы бұған дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» 10 млн теңгеге заңсыз сыйақы төлегенін хабарлаған. Сонымен қатар, Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыз