АҚШ Орталық Азия елдеріне қосымша 14,3 миллион доллар бөледі

Жарияланды
Шығарушы редактор

АҚШ Орталық Азия елдеріне қосымша 14,3 миллион доллар бөледі. Бұл туралы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) әкімшісі Саманта Пауэр аймақтық министрлер отырысында мәлімдеген.

Тәжікстандағы Америка елшілігінің хабарлауынша, Самарқандта Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан үкіметінің қатысуымен аймақтық ынтымақтастық бойынада С5+1 кездесу өтті.

«Министрлердің кездесу барысында Саманта Пауэр АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы серіктестіктің тереңдету аясында аймаққа қосымша 14,3 миллион доллар көлемінде көмек көрсететінін жариялады», – делінген хабарламада.

USAID 100 шағын және орта бизнесті қолдауға арналған грант арқылы жеке инвестицияларды қолдауға $10,8 млн бөлмек. Жоба әйелдерді, жастар мен халықтың осал топтарын 21-ші ғасыр экономикасына қажетті дағдылармен қамтамасыз ете отырып, 8 000 Орталық Азия тұрғындары үшін жұмыс орындарын құруға және жақсартуға көмектуі тиіс.

Бұған қоса, 1,5 миллион доллар «онлайндағы және бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттың сапасын жақсартатын және азаматтарды жалған ақпаратты анықтау және күресу дағдыларымен қамтамасыз ететін» Орталық Азиядағы ақпараттық тұтастық бастамасына жұмсалады.

Тағы 2 миллион доллар қосымша қаражат жеке сектордың инвестициясын арттыруға және жаңартылатын энергия көздерін арттыруға бағытталмақ.

Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі USAID әкімшісі Саманта Пауэр 23-24 қазан күндері  Орталық Азия елдеріне іссапармен келетінін хабарлаған. С5+1 2015 жылдан бастап АҚШ үкіметінің Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен өзара әрекеттесуі үшін негізгі дипломатиялық платформа қызметін атқарады.

Биыл жазда CILT Central Asia институтының ұйытқы болуымен USAID бағдарламасы шеңберінде бизнесті қолдау бағдарламасы іске қосылған еді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан компаниялары қатысып, жетекші эксперттерден жекелей немесе топтық консультациялар алады.

Сондай-ақ оқыңыз