«ArcelorMittal Temirtau» жақында компанияның меншік құқығы Қазақстанға берілетінін растады

Жарияланды
«АрселорМиттал Темиртау» подтвердила смерть 25 шахтеров и передачу компании в собственность государства
Фото: kursiv.media

«ArcelorMittal» компаниясы жақында меншік құқығы Қазақстанға берілетінін растады. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания кәсіпорынды мемлекет меншігіне өткізу мәселесін тез арада шешуге мүдделі.

«Қазақстан үкіметі бүгін хабарлағандай, екі тарап «ArcelorMittal Temirtau» компаниясының болашағын талқылады және жақында Қазақстан Республикасына меншік құқығын беретін мәміле туралы келісімге алдын ала қол қойылғанын растайды. ArcelorMittal үзілістерді азайту үшін осы транзакцияны мүмкіндігінше тезірек аяқтауға міндеттенеді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметі тарап та болат диірменінде, темір рудасында және көмір кеніштерінде жұмыс істейтін адамдардың және операцияларды қолдайтын қауымдастықтың мүдделеріне сәйкес келетін нәтижеге қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді.

Осыған дейін Үкімет үйінің баспасөз қызметі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қазақстанның меншігіне берілетінін хабарлаған болатын.

«Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалғанын хабарлаймыз», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін түнде «ArcelorMittal» компаниясына қарасты Костенко шахтасында жарылыс болды.

Бұл қайғылы оқиғаға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл білдірді. Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Сонымен бірге мемлекет басшысы апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына барып, қазақ тапқан кеншілерідің отбасымен кездесті. Бұл қайғылы оқиғадан соң, президент 29 қазанды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, оны Әлихан Смайыловтың өзі басқарады.

Премьер-министрдің төрағалық етуімен құрылған комиссия құрамына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, құқық қорғау органдарының, Қарағанды облысы әкімдігінің, еңбек инспекциясының, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының өкілдері және т.б. кірді.  

Сонымен бірге шахтада болған апатты Бас прократура тексереді. Шахтадаға қайғылы оқиғадан кейін арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары кірген.    

Сондай-ақ оқыңыз