Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
«Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда.
Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.
Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ»-делінген хабарламада.
Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
Сонымен бірге, Қарағанды облысында зардап шеккен кеншілердің жағдайы туралы белгілі болды.
Компанияның айтуынша, бірнеше ай бұрын компания меншігін Үкіметке қайтару туралы келіссөздер жүргізген.