Қарағанды әлі де аза тұтуда. Бүгін Костенко шахтасында жарылыстан қаза тапқандар кеншілер жерленді. Облыс әкімдігінің мәліметінше, жерлеу үш күнге созылады. Бүгін 14 кеншінің денесі жер қойнауына тапсырылды.
«АрселорМиттал Теміртау» бүгін, 30 қазан, күні жерленген кеншілердің есімін жариялады.
Адампаев Ерболат Мұратұлы;
Әбілов Айбек Нұрғалиұлы;
Әлиақпаров Қуандық Серікұлы;
Бобряшов Сергей Владимирұлы;
Богатырёв Илья Константинұлы;
Жанзақов Айзат Айханұлы;
Крайнов Олег Викторұлы;
Крикунов Павел Александрұлы;
Қадыров Ринат Мубаракзянұлы;
Магиев Жанболат Темірғалиұлы;
Мұсабеков Әсет Қанатұлы;
Петренко Владимир Ильяұлы;
Шотаев Аманкелді Мейрамұлы;
Шулевский Михаил Леонидұлы.
Айта кетейік, шахтадағы жарылыс салдарынан 45 жұмысшы қаза тапты, тағы біреуі іздестіріліп жатыр. Қарағандыда тау кен құтқарушылары соңғы кеншіні авариялық лавадан іздеуді жалғастыруда. ТЖМ бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан өндіру учаскелері ауданында жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жұмыстар лаваның тұйық бөлігінде жүргізілуде. Қазір іздеу жұмыстары бір учаскеде жүріп жатыр. Болжам бойынша, метан-ауа қоспасының жарылысында екі шақырымға жуық соққы толқыны болды. Нақты қорытындыны комиссия мемлекеттік сараптамадан кейін айтады. Үкіметтік комиссия құрылды, барлығын мұқият тексеретін кіші комиссиялар жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі атап өткендей, республикалық жедел штабты басқарған ведомство басшысы шахтаға түсті. Тексеру барысында өрт пен жарылысқа ұшыраған материалдарға тексеріс жүргізілді.
Тексеріс кезінде не анықталды. Шахта жабдықтарының бұзылуы және орын ауысуы, металларка бекіткіші мен желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.