Нью-Йорк тауар биржасы мен Interactive Brokers компаниясының Қазақстанда бұғатталған сайты қайта ашылып тұр

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото: shutterstock.com

Нью-Йорк тауар биржасы (NYMEX) мен америкалық Interactive Brokers LLC брокер компаниясының сайты Қазақстанда бұғаттан шығарылды.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні сағат 13.35-тегі жағдай бойынша NYMEX www.cmegroup.com және Interactive Brokers LLC www.interactivebrokers.com сайты VPN-сіз-ақ ашылады.

Айта кетейік, 8 қазан күні Нью-Йорк тауар биржасының www.cmegroup.com мекенжайындағы сайты Қазақстанда VPN-сіз ашылмай қалған. Алайда Қазақстаннан тыс жерде әлемдегі ең көне сауда платформасының веб-сайтына VPN желісінсіз кіруге болады. Яғни, ең ірі мұнай фьючерстік биржасы – NYMEX-тің сайты Қазақстанда іс жүзінде бұғатталған.

Сонымен қатар, Қазақстанда «Interactive Brokers LLC» компаниясының www.interactivebrokers.com сайты да бұғатталғаны белгілі болды. Interactive Brokers LLC – орташа күнделікті кіріс бойынша сауда-саттық саны бойынша Америка Құрама Штаттарындағы ең ірі электрондық сауда платформасын басқаратын трансұлттық брокерлік фирма.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауабына сәйкес, www.interactivebrokers.com веб-сайты 2022 жылдың 10 қарашасында «қаржы пирамидасы және басқа да алаяқтық ұйымдардың қызметі үшін» «Киберқадағалау» 10 ақпараттық жүйесіне енгізілген.

NYMEX веб-сайты бірқатар заңды бұзғанына байланысты ҚМА өтініші бойынша 2023 жылдың тамызында «Киберқадағалау» тізіміне енгізілді. Агенттік cmegroup.com биржалық веб-сайтында АХҚО лицензиясынсыз Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған Bitcoin және Ethereum криптовалютасы бойынша фьючерстермен сауда жасауға мүмкіндік беретінін анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз