Polymetal International plc үшінші тоқсанда өндіріс көлемін 12%-ға арттырып, EBITDA көрсеткіштерін 2,2 есе жақсартқан. Бұл жайлы компанияның есебінде жазылған.
Үшінші тоқсанда өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға өсіп, 508 мың алтын эквивалентіндегі унцияны құраған. Бұған ресейлік сегменттегі Орал активтерінің яғни Майское және Дукаттағы өнім көлемінің артуы себеп болған.
«Үшінші тоқсанда біз айналым қаражатының маусымдық төмендеуінен және бұрын жинақталған алтын құймаларының қорларын ішінара шығарудан кейін оң ақша ағынына қайта қол жеткіздік. Біз жылдық өндіріс жоспарын орындауға бар күшімізді саламыз және сатылмаған металды өткізуге тырысамыз», – деді компанияның бас директоры Виталий Несис.
2023 жылдың тоғыз айындағы өндіріс өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артып, 1 272 мың алтын эквиваленттік унцияға жеткен. Қазақстанда 340 мың унция және Ресейде 932 мың унцияны құрайды.
«Сату көлемінің қалпына келуіне және металл бағасының көтерілуіне байланысты есепті тоқсандағы және алғашқы тоғыз айдағы кіріс бір жылмен салыстырғанда Қазақстанд 17%-ға артып, 834 миллион АҚШ долларын, Ресейде 22%-ға өсіп 2 149 миллион АҚШ долларын құрады», делінген компания есебінде.
2023 жылдың алғашқы тоғыз айында EBITDA 995 миллион АҚШ долларын (Қазақстанда 301 миллион АҚШ доллары және Ресейде 694 миллион АҚШ доллары) құраған. Бұл 46% таза пайданы көрсетеді.
Ал компанияның таза қарызы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 10%-ға төмендеп, 2,33 млрд АҚШ долларын құраған.
Еске сала кетсек, 19 мамырда АҚШ «Полиметалл» АҚ санкциялық тізімге енгізді. Polymetal International plc атқарушы директоры Виталий Несис компанияның Қазақстандағы активтері санкцияға ұшырамайтынын айтты.
Санкцияға ұшыраған соң, Polymetal акционерлері Қазақстанға ауысуды мақұлдады. Компанияның Қазақстанға ауысуын акционерлердің 92%-ы қолдаған.
7 тамыз күні Ресейдегі жетекші алтын өндіруші компаниялардың бірі Polymetal International plc компаниясы Джерси оффшорлық аралынан Астана халықаралық қаржы орталығына көшу жұмыстарын толық аяқтады.