Талант пен инфрақұрылым: FRHC құнының ұзақ мерзімді өсімін не қамтамасыз етеді?

Жарияланды

Жаһандық қор нарығы үшін кейінгі 6 ай тау мен тасқа секіргендей, құбылысқа толы кезең болды: пандемиядан кейінгі пессимизмді әрең сейілткен негізгі индекстер рекорд орнатып барып, өз деңгейіне қайта оралды. Әлемде қиындық көп: геосаяси шиеленіске әдеттегіден жоғары инфляция, ақша-несие саясатындағы белгісіздік, әлемдік экономикада жетіп артылатын түрлі жағымсыз факторлар жамалып жатыр.

Freedom Holding Corp. осы қиындықтың бәрін – қысқа мерзімді болсын, ұзаққа созылатыны болсын – Америка қор нарығымен бірге бастан кешіріп жатыр. Бүкіл ашық компаниялар тап болған қиындықтардан бөлек, FRHC бірқатар ақпараттық шабуылды бастан өткерді. Біз басымызға түскен бүкіл қиындықты жеңгенімізге қарамастан, Freedom холдингі сыртқы факторларға төзімділігін арттыра отырып, бизнесінің бүкіл саласын нығайтуын жалғастырып жатыр.

Өткен аптада Freedom Holding Corp директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Директорлар кеңесінің қалыпты рәсімінен бөлек, біз стратегиялық сессия өткізу туралы шешім қабылдадық. Стратегиялық сессияға жетекші бизнес салаларының басшылары қатысты: олар өз нәтижесін ұсынып және ұзақ мерзімді дамуға қатысты көзқарасын білдірді.

Әлем жылдам дамып барады, компаниялар қатары көбейді, жеңімпаздардың табысы да өсті. Жаңа технология шығаратындар нәтижеге тез қол жеткізеді: егер Facebook-ке алғашқы жүз мың пайдаланушы аудиториясын жинау үшін айлар қажет болса, Clubhouse-ке бірнеше апта жеткілікті болды. Басты фактор – бұрынғыдай капитал мен жер, табиғи ресурс емес, деректер мен таланттар.

Жаһандық және аймақтық реттеу дүние жүзіндегі өзгерістер қарқынына ілесе алмай барады. Бұған жаһандық деңгейдегі проблемалар қосылып отыр – халықаралық төлем жүйесі күрделене түсуде. Осының аясында қаржы инфрақұрылымы және әр елдегі клиенттер мен компанияларды біріктіру мүмкіндігі ерекше мәнге ие болады.

Цифровизация клиенттерге біз ұсынатын бүкіл қаржы өнімдеріне белсенді еніп отығанын байқаймыз: банкинг пен сақтандырудан бастап, брокерлік және лайфстайл-индустрияға дейін. Қазақстан мен біздің компанияның бірегей ұстанымы бар: біз бүкіл әлемдегі клиенттерге жеңілдік жасау үшін бизнес салаларын да, қатысу аймақтарын да біріктіре аламыз және біріктіруге тиіспіз. Инфрақұрылымға қоса, бұл бизнес-модель FRHC бизнес саласының әрқайсысында шоғырланған деректер синергиясын талап етеді.

Біз экожүйе құрып жатқанымыз белгілі, ал экожүйе клиент туралы көбірек біледі. Ал бұл несие тәуекелін ескеріп, қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетуге және сайып келгенде бәсекелестердің аудиториясын тартуға мүмкіндік береді. Экожүйе форматында жұмыс істеу тұтынушылардың мінез-құлқын болжауға, оған ең жақсы өнімдерді ұсына және тұтынушы базасын тарту құнын азайтуға ықпал етеді.

Географиялық әртараптандыруға өніміміздің икемділігі мен ауқымдылығы қолдау көрсетуі қажет: FRHC кез келген юрисдикцияда бизнесті жылдам орналастыруға және оларды бұрыннан салынған инфрақұрылымға қосуға мүмкіндік беретін технологияларға басымдық береді.

Жаңа нарыққа шығу жөніндегі амбициясы мол жоспарымыз Қазақстандағы жобалар шетте қалады дегенді білдірмейді. Біздің еліміз FRHC үшін негізгі нарық болып қала береді және қазақстандықтар үшін құндылық жасау біздің артықшылығымыз болады.

Қазақстандықтардың сапалы, қолжетімді және сенімді байланысқа деген үлкен қажеттілігін байқап отырмыз, сондықтан біз үшін таяу жылдардағы ең маңызды және капиталды қажет ететін жоба – 5G байланыс операторын құру болмақ. Бұл жобаның табысты боларына сеніміміз мол: біз ең соңғы технологияны қолданамыз және шығынымыз бәсекелестермен салыстырғанда айтарлықтай төмен болады. Бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін төмен баға белгіленетінін байқатады.

Кез келген күрделі және маңызды инфрақұрылымды салу қымбатқа түседі. Оның үздіксіз жұмыс істеуі одан да қымбат. Тамыры Қазақстанда орналасқан америкалық компания – FRHC үшін реттеу шығындары айтарлықтай жоғары. Дегенмен, біздің жергілікті компания атануға мүмкіндігіміз жоқ: Freedom-тың күші оның өнімдерді біріктіру қабілетінде. Сондықтан біздің ең маңызды міндетімізге жергілікті және халықаралық деңгейде комплаенс-саясатын жетілдіру және үйлестіру кіреді. Тиімсіз комплаенс бизнесті өлтіруі мүмкін, ал тиімді комплаенс оны сөзсіз жеңімпаз етеді.

Табыстың тағы бір құрамдас бөлігі осы тізімде соңғы, бірақ шын мәнінде ең маңыздысы – адами капитал, біздің таланттар. Біз қазір холдинг ішінде де, жеке бизнес салаларында да ең жақсы команда құрдық.

Табысқа жетуге қажетті құрам жинақталған сияқты, сондықтан бізге сәттілік жолдас болсын.

Сондай-ақ оқыңыз