Костенко шахтасында опат болған кеншілердің толық тізімі жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор

Костенко шахтасында кімдер опат болды / Фото: kursiv.media

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс кезінде қайтыс болған кеншілердің аты-жөні белгілі болды. Қаза тапқан кеншілердің ең жасы – Айбек Әбілов пен Тимур Сосновский 26 жаста, ең үлкені – Владимир Петренко 62-де болған

«АрселорМиттал Теміртау»  компаниясының METALLURGy today корпоративтің газетінің кезекті санында марқұмдардың толық тізімі жарияланған. Олар:

  1. Әбілов Айбек Нұрғалиұлы
  2. Бобряшов Сергей Владимирович
  3. Семсерхан Есдаулет
  4. Жылтыров Амангелді Ерғалиұлы
  5. Ещенко Леонид Николаевич
  6. Киселев Сергей Александрович
  7. Крайнов Олег Викторович
  8. Сальников Анатолий Владимирович
  9. Шатаев Аманкелді Мейрамұлы
  10. Сапарғалиев Асқат Бауржанұлы
  11. Қамиев Олжас Ерғазыұлы
  12. Сосновский Тимур Викторович
  13. Мордасов Виталий Анатольевич
  14. Крикунов Павел Александрович
  15. Петренко Владимир Ильич
  16. Югай Александр Викторович
  17. Прокудин Александр Валерьевич
  18. Мұсабеков Әсет Қанатұлы
  19. Кочмар Сергей Николаевич
  20. Әлияқпаров Қуандық Серікұлы
  21. Деревянко Виктор Николаевич
  22. Арусланов Денис Геннадьевич
  23. Калимуллин Дамир Радикович
  24. Гудз Дмитрий Казимирович
  25. Котвицкий Сергей Геннадьевич
  26. Катаман Владимир Мирославович
  27. Николаенко Юрий Леонидович
  28. Баринов Сергей Валерьевич
  29. Сайфутдияров Альберт Рифович
  30. Магиев Жанболат Темірғалиұлы
  31. Исинқұлов Дамир Нұрисламұлы
  32. Шулевский Михаил Леонидович
  33. Богатырев Илья Константинович
  34. Леушин Владимир Геннадьевич
  35. Жанзақов Айзат Айханұлы
  36. Мельников Иван Владимирович
  37. Неверов Александр Викторович
  38. Малдақасов Асют Аханұлы
  39. Адампаев Ербулат Мұратұлы
  40. Сіләм Берденбек
  41. Кривоногов Евгений Викторович
  42. Орақбаев Ақынжан Расбайұлы
  43. Кадиров Ринат Мубаракзянович
  44. Фазлов Марат Фаудинович
  45. Поцелуев Вячеслав Валерьевич
  46. Половинка Юрий Сергеевич

28 қазанда түнгі сағат 2-ден 36 минут кеткенде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Костенко» атындағы шахтада тереңдігі  700 метр жерге өрт шығып, кейіннен метан-ауа қоспасы жарылды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, Салдарынан 24 адам зардап шегіп, 46 кенші опат болды.

Бүған дейін 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болған еді. Мұнда конвейер таспасынан өрт шыққан. Салдарынан 5 адам қаза тапқан еді.

Сол кезде тәуелсіздік алғалы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталарында 160-қа тарта кенші қаза тапқаны турал ақпарат тараған.

Елімізде 29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихында 13-қараралы күн болып жазылды.

Сондай-ақ оқыңыз