Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану қағидаларын өзгертеді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

ҚР Энергетика министрлігі көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына өзгеріс енгізді. Бұ жайлы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы қағидаларына өзгерістер енгізді», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметініңмәліметінше отандық өндірушілерді қолдау мақсатында тиісті өнеркәсіптік сертификатпен қазақстандық тауарды растау арқылы отандық тауарларды бір көзден сатып алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Сонымен бірге әлеуетті өнім берушіге тиісті тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші белгілеген сомадан 80%-дан төмен баға ұсынысын беруге тыйым салатын демпингке қарсы механизм енгізіліп, сатып алулардың негізін растау және теріс пайдалануды болдырмау мақсатында бір көзден сатып алынатын тауарлардың тізбесі оңтайландырылған.

«Бір көзден сатып алу мүмкініктері офтейк келісімшарттары бойынша өндірілген тауарлардан басқа осындай тауарларды өндіруге байланысты жұмыстарды және қызметтерді осы тауарларды өндірушіден сатып алу мүмкіндігімен, және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға сәйкес келісімшарттық сатып алу шартының шеңберінде тауарларды сатып алу мүмкіндігімен кеңейтілді. Тауарларды сатып алу барысында «жасырын» шарттар жасасу фактісін болдырмау мақсатында үшін келісімшарттар бойынша сатып алынған тауарлардың және қызметтердің құны шектелді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қосалқы мердігерлердің шартты орындауға үшінші тұлғаларды тарту құқығы да шектелген. Отандық тауар өндірушінің тауарды сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей төленетін шарт сомасының кемінде 30% мөлшерінде аванстық төлем алуға құқығы бар.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес тауарлық газ ресурстық базасын кеңейту шаралары қолға алынады. Газ кен орнын игеру шеңберінде кешенді газ тазарту қондырғысын салуда, шикі газды дайындау және өңдеу үшін дайындық кезеңінде ұңғымаларды салу және шикі газды газ өңдеу объектілеріне немесе газ өңдеу құрылыстарына тасымалдау мақсатында тауарларды бір көзден сатып алу мүмкіндігі қамтамасыз етілмек.                                                                                                                                                                                                                                         

Сондай-ақ оқыңыз