ҰКҚ діни ахуалды реттеуге қатысты мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп келеді

Жарияланды (жаңартылды )
Діни ахуалды реттеуге АҚШ санкциясы кедергі -ҰҚК / shutterstock

Қазақстан діни қызметті реттеу саласындағы заңға қатаң өзгерістер енгізуге 2018 жылы дайын болған. Алайда АҚШ мемлекеттік департаментінің баяндамасынан кейін 2 жыл дайындалған жобадан бас тартып, парламенттен қайтарып алған. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Смағұлов жазды.

Ермек Смағұлов мәжіліс депутаттары жолдаған «Теріс діни ағымдарға және діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты» сауалға жауабында аталмыш заң жобасы 7 жыл бұрын мемлекеттік талқылауға шығып, кейін АҚШ санкциялары қаупі болғандықтан, жұмыс тоқтатылғанын айта кетті.

«Бұл мәселе 2016 жылғы Ақтөбе мен Алматыдағы белгілі террористік актілерді тергеу нәтижелерін ескере отырып, 2017 жылы ерекше өзектілікке ие болды. ҰҚК сол кезеңде дін саласындағы мемлекеттік бақылауды заңнамалық тұрғыдан қатаңдату қажеттілігін қолдады», – дейді Смағұлов.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда діни бірлестіктердің қызметіне, діни әдебиеттер айналымына, шетелде рухани білім алуға, миссионерлік және басқа да діни қызметке бақылауды күшейту жөніндегі нормалар қамтылуы тиіс болған. Тіпті азаматтардың «сыртқы атрибуттарды, киім заттарын қоса алғанда, теріс діни ағымдарға қатыстылығын анықтайтын белгілерді бекіту» арқылы функциялары пайда болып, уәкілетті органның құзыретін кеңейту ұсынылған.

2018 жылы жоба мемлекеттік органмен келісіліп, мәжілісте таныстырылып, жұмыспен талқылауға жіберілген. ҰҚК заң жобасы қабылданып, азаматтар теріс діни ағымға кетпей тұрып, оларды анықтап, радикалды көзқарастан сақтап қалуға болады деп ойлаған.
Алайда сол жылы АҚШ Мемлекеттік департаменті «ҚР-дағы діни сенім бостандығы туралы» баяндамасында заң жобасын теріс бағалап, Қазақстанды «ерекше бақылау» тізіміне енгізгеннен кейін саяси және экономикалық санкциялардан қорқып, жыл соңында заң жобасы бойынша жұмыс тоқталып, 2019 жылдың қаңтарында жоба Парламенттен қайтарып алынған.

3 жылға ұмыт болған заң жобасын 2022 жылдың ақпанында қазіргі Мәдениет және ақпарат министрлігі қайта қолға алған. ҰҚК бұл жұмысқа қолдау көрсеткен. Комитет төрағасы өз жауабында неліктен дәл осы кезеңде жобаны қайта қарау шешімі қабылданғаны түсіндірмеген. Бірақ бұл жолы Қазақстанның санкцияларға тап болуы алдын ала ескерілгенін айтады.

Бұған қоса, комитет теріс діни ағымдардың іс-әрекетіне заңмен тыйым салу қауіпті жағдайларға алып келуі мүмкін екенін ескертеді.

Ішкі факторлар ретінде «радикалдар заң талаптарымен келіспеген жағдайда үшінші елге көшіп кететіні», «теріс діни ағым өкілдерінің неғұрлым шешуші әрекеттерге көшуі», «радикалды көзқараспен сотталғандар саны көбейіп, колонияларды өз идеологияларын таратуы» көрсетілген. Ал сыртқы факторға «шетелдік содырлардың Қазақстанға көз тігуімен» қатар, «шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар тарапынан дінге сенушілердің құқықтарына нұқсан келтірді деген сылтаумен қысым мен сынның күшеюін» жатқызған.

Әзірге нақты заң болмағандықтан ҰҚК мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп келеді. 2018-2022 жылдарға арналған бағдарлама аясында 18 зорлық-зомбылық акциясының алдын алған.

5 908 теріс діни ағымдағы адам Қазақстан қоғамының құндылықтарына ауысқан. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 298 адам радикалды көзқарастан бас тартқан. 2023 жылдың өзінде террористік және өзге де қылмыстар үшін 87 адам ұсталып, 36 радикалды көзқарастағы адам сотталды.

Айта кетейік, бірқатар мәжіліс депутаттарының сауалдарынан кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Дін туралы» заңға өзгеріс енгізуге қатысты пікір білдіріп, аталмыш заң қайта қаралатынын айтқан.
Курсив сауалына берген жауабында Ақпарат министрлігі қоғамдық орындарда паранжа киюге тыйым салу туралы ұсыныстың мәнін түсіндірген

Мектеп мұғалімдерімен кездесу кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев дінге қатысты таңдауды бала есейген кезде өзі жасауы керегін ескерткен. Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанда хиджаб кигені үшін мектепке қабылданбаған оқушы жоқ» екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз