Өзбекстан Президенті Ташкентте Түркі даму банкі мен теміржол басқармаларының кеңесін құруды ұсынды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёв осындай бастама көтерді.

«…Келесі кезеңде бізге Түркі даму банкін қалыптастыруға қадам жасауымыз қажет. Біз осы қаржылық институтты Ташкентте құруды ұсынамыз», – деді Ш.Мирзиёв.

Өзбекстан Президенті Түркі мемлекеттерінің сауда-саттығын зерттеу ұйымының бастамасын толығымен қолдайтынны мәлімдеді.

«Осы ұйымның жұмысын дұрыс жолға бағыттау бірқатар кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді. Оның ішінде сауда-саттық саласындағы кедергілер, импорт пен экспорттың көлемін арттыру, электронды дамыту бағытындағы кедергілерді жояды», – деді Ш.Мирзиёв саммитте.

Өзбекстан басшысының пікірінше, жаһандық логистикалық тізбектерді әртараптандыру мәселесі Түркі мемлекеттері ұйымының ерекше назарында тұруы тиіс.

«Біз Қытай, Оңтүстік Азия, Еуропа арқылы өтетін дәліздерді дамытуды, көлік-логистика байланысын цифрландыруды қолдаймыз. Біз теміржол басқармаларының кеңесін құруды және оның директоратын Өзбекстанда орналастыруды ұсынамыз», – деді Ш.Мирзиёв.

Сондай-ақ оқыңыз