FTX крипто-биржасының негізін қалаушы Банкмен-Фрид алаяқтығы үшін 115 жылға сотталуы мүмкін

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Банкротқа ұшыраған FTX криптовалюта биржасының негізін қалаушы Сэм Банкмен-Фридті АҚШ соты алаяқтығы үшін кінәлі деп тапты. Бұл жайлы CNBC телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, Банкмен-Фрид алаяқтықтың 7 пункті бойынша кінәлі деп танылған. Атап айтқанда, соттың қазылар алқасы Банкмен-Фридті биржа клиенттеріне қатысты алаяқтық жасап, ақшаны жылыстату мақсатында сөз байласу және басқа да баптар бойынша кінәлі деп тапқан.

Басқа америкалық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Банкмен-Фрид бұл тағылған айыптары бойынша 115 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін оның инвесторлар мен клиенттердің саяси қайырымдылыққа және элиталы жылжымайтын мүлік сатып алуға деп салған 10 млрд долларға жуық қаражатын жымқырғаны туралы айтылған.

Шілде айында FTX криптовалюта биржасы өзінің негізін қалаушы Сэм Банкмен-Фридті және тағы үш бұрынғы басшыны сотқа берді. FTX 2022 жылдың қараша айында күйреуіне дейінгі айларда жымқырылған 1 млрд доллардан астам соманы өндіріп алуды көздеген.

2022 жылы FTX банкроттық туралы өтініш беріп, Банкмен-Фрид өз қызметінен кететінін мәлімдеген. Ал Bloomberg 12 қарашада FTX жұмбақ жағдайда бір күнде 662 миллион доллар жоғалтқанын хабарлады. Nansen аналитикалық компаниясы бұл қаражаттың халықаралық және американдық FTX биржаларында тіркелгенін анықтады.

Жалпы, FTX-тің қаржылық проблемаларының басталып, банкротқа ұшырауына Банкман-Фрид кінәлі екенін айтады. Ол өзі құрған криптовалюталық Alameda Research хедж-қорына клиенттік қаражатты аударып тастауы себепті, криптовалюталық биржа тоқаруға ұшыраған деген болжамдар айтылады.

Банкмен-Фрид 2022 жылдың желтоқсанында Багам аралдарында тұтқындалып, федералды айыптау үшін Америка Құрама Штаттарына экстрадицияланды. Ол тағылған айыптармен келіспеді.

Жаңалықтарды телеграм каналымыздан оқыңыздар -->

Сондай-ақ оқыңыз