Астана тұтынушыларына сұйытылған газ толық көлемде жеткізілді – ҚазМұнайГаз

Жарияланды
Фото: Астанада сұйытылған газ тапшы

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізу жоспарына сәйкес, биыл қазан айында Астана қаласының қажеттіліктерін өтеу үшін 7 452 тонна, оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауытынан (ПМХЗ) 1 980 тонна және СНПС-Ақтөбемұнайгаз-дан (ҚазМұнайГаз тобына кірмейді) 5 472 тонна отын бөлінді. Аталған көлем Павлодар мұнай-химия зауытынан толық жеткізілді. Бұл туралы ҚазМұнайГаз баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана тұрғындарының қажеттілігі үшін СМГ Атырау мұнай өңдеу зауытынан (АМӨЗ) бұрыннан жөнелтілмейді.

Павлодар зауытында СМГ өндірісі жоспарға сай жүріп жатыр. Газ жөнелту қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес және жергілікті атқарушы органдар ұсынған тұтынушылар тізіміне сай жүргізіледі»-делінген хабарламада.

Компания АМӨЗ-дегі жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары Астана қаласының СМГ нарығына әсер етпейді деді.

«Өйткені зауыт отынның осы түрімен бұрыннан тек Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұтынушыларын қамтамасыз етіп келеді»-делінген компания баспасөз қызметінде

ПМХЗ қараша айында жоспарға сәйкес елорда тұтынушыларына жеткізілетін жалпы 8500 тонна сұйытылған газ көлемінен 472 тонна жеткізуіге тиіс.

Айта кетейік, кеше елорда әкімдігі қазан айында Атырау зауытында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысына және «ПМХЗ» ЖШС мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауыттарының үлкен жүктемесіне байланысты Астанада автогаз тапшылығы мәселесі бар деп хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз