Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолымен өтудің режимі белгіленді

Жарияланды

Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолының өткізу режимі бекітілгенін және жаяу жүргіншілер мен автомобильдер қозғалысының шектелді. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 25 қазанынан бастап «Медеу-Шымбұлақ» жолында осы көктемде құлаған тастардың зардаптарын жою жұмыстары жүргізілген болатын. Осыған байланысты «Медеу-Шымбұлақ» автожолында өткізу режимі бекітілген еді. Жаяу жүргіншілерге жолдан өтуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады.

«Электромобил және такси жүргізушілеріне сағат 09:00-ге дейін және сағат 18:00-ден кейін кіруге рұқсат етіледі. 13:00-ден 14:00-ге дейінгі кезеңде тек техникалық қызметтердің арнайы көлігіне кіруге рұқсат етіледі. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның өзгергені туралы қосымша хабарланады»-деп жазды Алматы әкімдігі баспасөз қызметі.

Жоба аясында тастарды түсіру және кедергілерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың негізгі түрлері (беткейлерді бұрғылау және нығайту) келесі жылға жоспарланған.

«Бұдан басқа, 2024 жылдың көктемінде нөсер жүйесін салу және жол төсемін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Барлық туристер мен тұрғындардан өтуге болатын жолдарда абай болуды сұраймыз»-делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз