Фото: kursiv.media
Астана тұрғындары Chia Tai Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасына 168 млн теңге салып жіберген. ҚМА қаржы пирамидасы бөлімшесінің басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлады.
«Астанадағы «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді ҚМА елордалық департаментінің қызметкерлері аяқтады», -делінген хабарламада.
Компания өзін Қытайдан түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен.
Ал Алматы қаласында осы пирамиданы құрғандар сәуір айында ұсталған болатын. Компания Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.
Сонымен қатар, БҚО тұрғындары осы қаржы пирамидасына 523 млн теңге құйғанын хабарлағанбыз. Күдікті азаматтар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. ҚМА тергеуді аяқтап, сотқа жолданған. Агенттік қаржы пирамидаларының тізімін жариялаған болатын.