Уран қымбаттап жатқан кезде «Қазатомөнеркәсіп» акциялары неге арзандады?

Жарияланды
Шығарушы редактор

Фото:kursiv.media

KASE мен Лондон қор биржасындағы кешегі сауда-саттықта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акциялары біршама арзандады. Осы орайда Freedom Broker сарапшылары ұлттық атом компаниясы бағалы қағаздарына не әсер еткенін айтып өтті.

Сарапшылар компанияның жақында жарияланған өнеркәсіптік есебі аса жаман емес деген пікірде. Бұл есепте компания өндірісі 1 пайызға қысқарғанын хабарлағанымен, алдағы уақытқа арналған өндірістік болжамы жақсы.

«Қытай компаниясымен жасалған келісімге келер болсақ, бұл жаңалықтың әсері қатты сезілмеді. Бұл ұзақмерзімді келісім үлкен клемдегі шикізат сатуға бағытталған. LSE-де GDR бағасы кеше 0,5% жоғалтты. Бұл ретте URA және URNM уран ETF-тері де 2,7% және 4,2% төмендеді. Дегемен техникалық тұрғыдан алғанда, Қазатомөнеркәсіптің де, бұл ETF-тердің де жағдайы бір», – дейді мамандар.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акцияларының 75%-ы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі, қалған бағалы қағаздары еркін айналымда: KASE-де 0,67% және Лондон қор биржасында (LSE) 24,33%-ы депозитарлық қолхаттар арқылы айналымда жүр.

Жалпы, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акциялары жыл басынан бері өсім көрсетіп, KASE индексін алға сүйреген еді. Қазақстан қор биржасының есебінде KASE индексі 2023 жылдың шілдесінде былтырғы құлдырауын толық жеңіп, кейіннен ұзақ мерзімді өсуді жалғастырғаны жазылған. Жыл басынан бері KASE индексі 26,2%-ға немесе 852,19 пунктен 4 103,83 пункке дейін өсті. 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша KASE индексі 13,8%-ға немесе 499,08 пункке артты.

Қазақстан қор биржасы осы өсімнің негізгі тегершігі ретінде «Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ын атайды. Мәліметте:

Өсімнің негізгі драйвері «Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның 51,5% бағасына қосқан жай акциялары болды. Компанияның негізгі шикізаты – уранның бағасы жыл басынан бері 43,4%-ға өсіп, атом энергетикасына әлемдегі қызығушылықтың жандануы және Канада мен Нигер Республикасы тарапынан уран ұсынысының төмендеуі аясында бір фунт үшін 48,8 доллардан 70,0 долларға дейін өсті, – делінген.

Сонымен қатар, компания 2023 жылдың ІІІ тоқсанындағы қорытынды есебінде тұтынушылардың қолданыстағы келісім-шарттар бойынша жылдық жеткізу көлемін ұлғайту туралы қосымша өтініштеріне байланысты, сондай-ақ 2023 жылы жеткізумен жаңа ұзақ мерзімді шарттарға байланысты сату көлемі ұлғаяды деп болжайды. Тиісінше, сату көлемі мен кіріс бойынша күтулер жоғары көрсеткіштерге негізделіп, қайта қаралмақ.

Жақында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Францияның ірі уран өндіруші компаниясы Framatome компаниясымен де келісімге келген. Сонымен қатар компани француздың Orano  компаниясынан уран байыту технологиясын алуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз