Nike New Balance пен Skechers авторлық құқығын бұзды деп, сотқа берді

Жарияланды

Дүйсенбі күні Nike компаниясы нарықтағы бәсекелестері New Balance пен Skechers компанияларын Nike кроссовкаларының дайындау технологиясын қатысты авторлық құқықты бұзды деп сотқа берді.

Reuters ақпаратына сүйенсек, New Balance спорттық аяқ киімдері мен Skechers кроссовкаларын шығару кезінде Nike-тің жүгіруге, футбол мен баскетболға арналған «Flyknit» технологиясын шектен тыс қолдағаны туралы жазылған. 

Nike «аяқ киімнің жоғарғы қабаты ауа кіргізгіш, әрі созылмалы болуы үшін арнайы технология қолданатынын» айтады. Сотқа шағымда бұл технология материалды қолданып, қалдықты аз шығаруға әсер ететіні жазылған.

New Balance үстінен Массачусетс штатының сотына түскен шағымда компанияның New Balance Fresh Foam, FuelCell және өзге модельдері Nike авторлық құқығын бұзатыны жазылған. Ал Skechers үстінен Лос-Анджелес сотына түскен шағымда Skechers Ultra Flex және Glide Step модельдері туралы жазылған.

Nike соттан осы компанияларға сот үкімімен технологияны қолдануға тыйым салып, ақшалай шығын өтеуді талап етті.

Шағымға жауап берген New Balance компаниясы «бәсекелестерінің интеллектуалдық құқығына құрметпен қарайтынын, алайда ондаған жылдар бойы қолданып келе жатқан дәстүрлі аяқ киім өндірісіне Nike-тің авторлық құқығы жоқ» екенін айтқан.

Nike-тің шағымына қатысты Skechers компаниясы әлі жауап берген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Nike аталмыш технологияны ұрлады деген айыппен Adidas, Puma және Lululeman компанияларында сотқа берген. Жауап ретінде Adidas қарсы шағым түсіріп, өзінің технологияларын Nike Adapt моделі ұрлағанын және жаттығуға арналған Run Club және Training Club қосымшалары мен аяқ киім сатуға арналған SNKRS бағдарламасы Adidas авторлық құқығын бұзатынын айтқан. Кейіннен Nike тек Adidas-пен ғана емесPuma-мен де өзара келісімге келген. Nike шағымына қатысты Lululemon компаниясына қатысты шешім әлі шыққан жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз