Банк пен қаржы

Credit Suisse банкін сатып алғаннан кейін UBS шығыны артты

доллары ФРС
Фото Shutterstock

Ауқатты клиенттердің активтерін басқару саласындағы әлемдік көшбасшы UBS Group AG компаниясы швецариялық Credit Suisse интеграциясының ауқымды шығындарына байланысты 2023 жылдың үшінші тоқсанындағы зиян көлемін анықтады.

Банктің баспасөз хабарламасында айтылғандай, оның шілде-қыркүйек айларындағы таза шығыны $785 млн, өткен жылдың осы кезеңіндегі $1,73 млрд таза пайда болған.

UBS тоқсандық кірісі 42%-ға өсіп,  $11,7 млрд-қа жетті.

Банктің операциялық шығындары екі есеге өсіп, $11,64 млрд жеткен. Оның ішінде Credit Suisse интеграциясының шығындары $2 млрд құрады.

Банк ұсынған сарапшылар болжамына сәйкес, үшінші тоқсанда таза шығынды $444 млн, түсімді $11,32 млрд, ал операциялық шығындар $11,7 млрд болады деп күткен.

Өткен тоқсанда UBS таза пайыздық кірісі 32%, $2,11 млрд, таза комиссиялық кірісі 35%-ға, $6,07 млрд дейін өсті.

Credit Suisse кірістерін шоғырландырудың арқасында ауқатты клиенттердің активтерін басқару саласындағы жаһандық бөлімінің кірісі 21% өсті. Wealth management бағытындағы клиенттер активтерінің таза кірісі $22 млрд құрады.

Жеке тұлғалар мен компанияларға банктік қызмет көрсету саласындағы бөлімшенің табысы 2,6 есеге, активтерді басқару сегментінде 46%, инвестициялық сегментте 6% өсті.

UBS Credit Suisse-ті сатып алу туралы келісімді маусым айында 3 млрд швейцариялық франкке ($3,3 млрд) жапты. 

Екінші тоқсанда UBS Credit Suisse сатып алудан түскен біржолғы кірістің арқасында рекордтық таза кірісті тіркеді.

UBS акциялары бағасына сейсенбі күні Цюрихтегі сауда-саттық кезінде 3,3% қосылады. Осы жылдың басынан бері құны 31% өскен.

Осыған дейін швецариялық Credit Suisse банкроттықтан аман қалғанын, оны швейцариялық реттеушілердің қысымымен UBS сатып алғанын жазған едік.

АҚШ Сенатының бюджет комитеті швейцариялық Credit Suisse банкі нацист клиенттерге және олармен байланысты шоттарға қызмет көрсеткені туралы ақпарат таратқан еді.