Қазақстанда автогаз тапшы, бұл мәселе жақын арада шешілмейді – Сәтқалиев

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор

Фото:gov.kz

Қазақстанда газ тапшылығы туындап тұр. Өйткені 9 айдағы тұтыну көлемі 25 пайыз, айына шамамен 225-250 мың тоннаға өскен. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл мәселе жақын арада шешілмейтінін айтады.

«Қазір нарықта автогаз тапшы. Біз министрлік ретінде жауапкершілік ала отырып, халыққа, тұтынушыларға, автокөлік жүргізушілеріне мемлекет қазірдің өзінде жанармайдың бұл түріне қатысты күрделі мәселені бастан кешіріп отырғанын ашық айтуға мәжбүрміз. Бұл мәселе қысқа мерзімде шешілмейді. Тұтыну 9 айда 25%-ға өсті. Тұтыну айына шамамен 225-250 мың тоннаға өсті», – деді министр Мәжіліс кулуарында.

Бұл ретте министр наразы халыққа «түсіндіру» ғана қалғанын жеткізді. Ал кәсіпорындар мен әлеметтік осал топтарға қолдау көрсетілмек.

«Мемлекет субсидия арқылы белгілі бір өндіріс түрін қолдау мүмкіндігіне ие, бұл ретте үкімет қодау шараларын теңгерімді тәсіл қолданады деген ойдамын. Бұл ретте тек Энергоминнің бастамасы туралы айтып отырмын»,- деді ол.

Алмасадам Сатқалиев бұған дейін де елде сұйытылған газ тапшылығы бар екенін ескертіп, автокөлікке газ орнатудың қажеті жоқ деген еді.

Министр сұйытылған мұнай газының қазіргі бағасы нарықтық баға емес екенін, салдарынан өндіріс көлемі төмен болып тұрғанын айтты.

«Қазақстанда баға өте арзан. Бұл жағдай ұзаққа созылмайды. Біз барлық көлік жүргізушілеріне көліктерін сұйытылған мұнай газына ауыстырмауға кеңес береміз. Себебі баға өседі», – деді ол.

Сұйытылған газ бағасы біртіндеп 110 теңгеге дейін жетеді.

6 қазан күні Астана қалсында қазір автогаз таптырмай, көлік иелері оны тек талонмен алуға мәжбүр болған. Астана әкімдігі «газ тапшылығына АМӨЗ-дің жөндеуге жабылуы себеп» деп хабар таратқан еді. Алайда «ҚазМұнайгаз» ертесі күні АМӨЗ ешқашан Астанаға газ жібермегенін мәлімдеді. ҚМГ ақпаратына сәйкес,  Астана қаласына 7 452 тонна, оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауытынан 1 980 тонна және СНПС-Ақтөбемұнайгаз-дан (ҚазМұнайГаз тобына кірмейді) 5 472 тонна отын бөлінген.

Энергетика министрлігі Астанамен қатар, Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облысында газ тапшы екенін мойындады. Газ өнеркәсібі департаментінің директоры Таубаев Бахытжанның айтуынша, оған ҚТЖ жұмысындағы іркілістер себеп.

«Зауыттардан жөнелтулер тәулік бойы жүргізілетінін де айта кеткен жөн.Алайда зауыттан адресатқа жеткізу уақытты қажет етеді, тасымалдауды ҚТЖ жүзеге асырады, сондықтан сұйытылған газ нарығында үзіліс бар. Жағдай алдағы күндері тұрақталады»-деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз