Фото: kursiv.media
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында Ресейдің «Газпром» компаниясымен жасалған келісімнің мән-жайына тоқталды. Оның айтуынша, бұл келісім Ресей газының Өзбекстанға транзитіне ғана қатысты. Онда Ресейден Қазақстанға газ жеткізу туралы мәселе қаралмаған.
«Келісім тек ресейлік газды Өзбекстанға тасымалдау мәселесін қамтиды. Өздеріңіз білесіздер, біз газ тасымалдау жүйесін іске қосып, транзиттік мүмкіндікті қамтамасыз еттік. Яғни, бұл келісімде ресейлік газ транзитін жүзеге асыру кезіндегі тараптардың міндеттемелерін белгіленген», – деді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, газ транзитін одан әрі арттыру тараптардың сұранысына байланысты болмақ.
1 қарашада Санкт-Петербургте өтен халықаралық газ форумында газ саласындағы сратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Қазақстанның Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен «Газпром» холдингінің басшысы Алексей Миллер қол қойған құжат «табиғи газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу, сондай-ақ оны геологиялық барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға» бағытталғаны көрсетілген.
Форум барысына Роман Скляр Ресей Қазақстанға 3 млрд кубометр газ жеткізетіні туралы келіссөз жүргізілгенін айтып, Ресей газын Қазақстан арқылы үшінші елдерге сату мүмкіндігі туралы сөз қозғаған. Бірақ нақты қай елдерге жеткізілетінін нақтыламаған.
Айта кетейік, Қазір Қазақстан арқылы Ресей газы Өзбекстанға тасымалданады. Осы жылдың маусым айында өткен Петербор халықаралық экономикалық форумында «Газпром» мен «QazaqGaz» арасында Өзбекстан тұтынушылары үшін ресейлік табиғи газды тасымалдау туралы шартқа қол қойылды. Газ құбырлары арқылы Өзбекстан Ресейден жылына 2,8 млрд текше метр газ сатып алуға келісті.
Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға экспорттау 2023 жылдың төртінші тоқсанында басталады деп жоспарланған. Екі жылдық келісімде тәулігіне 9 миллион текше метр, жылына шамамен 2,8 миллиард текше метр жеткізілетіні жазылған.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен 2020 жылғы 7 қазанда №347 бұйрығымен сұйытылған мұнай газын үш жыл бойы автомобиль көлігімен экспорттауға тыйым салынды. Сол мерзім биыл қайта жаңартылып, тағы ұзартылды.