Әлеуметтік желі арқылы криптовалюта саудасынан көп қаржы табуға шақырған қазақстандық Түркияда құрықталды

Жарияланды
Криптовалютаға негізделген қаржы пирамидасын ұйымдастырған қазақстандық Түркияда ұсталды / коллаж kursiv.media

Түркияда құрықталған қазақстандық Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі екен. Оның үстінен Маңғыстау облысының тұрғындары қаржы пирамидасына тартқаны үшін шағым түсірген. Алданған азаматтар 212 млн теңге шығын шеккен.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталған».

«Oceans Enterprise» компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болды. Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты», делінген министрлік баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түскен. Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласында жеткізіліп, қамауға алынды.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Қаражатын инвестициялағысы келетіндер компанияда қаржы пирамидасы белгісі бар-жоғын  ҚМА телеграм ботынан тексере алады. Жыл басынан бері бұл ботқа 3511 өтініш түскен.

Сондай-ақ Қаржы мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімін жариялады. Тізімге кірген 22 ұйым арасында жарнамасы жер жарған Chia Tai Tianqing, Q-net, Incruises, QazHome бар. 

Сондай-ақ оқыңыз