Көкшетау, Семей және Өскемен жылу электр орталықтары көмірмен жұмыс істейтін болады

Жарияланды
Фото:ЖЭО

Ресей тарапының қатысуымен Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады. Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында екі ел басшылары Тоқаев пен Путин келісті.

Жаңа ЖЭО-ы Көкшетау, Семей және Өскеменде салынады. Мәміленің егжей-тегжейін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

«Энергетика министрлігінде Семей, Көкшетау және Өскеменде үш ЖЭО салу туралы тиісті меморандумға қол қойылды. Көкшетау ЖЭО-да техникалық-экономикалық негіздеме дайын, тиісті құрылымдар меморандумға қол қойылғаннан кейін практикалық іске асыруға, ЖСҚ әзірлеуге, келісімшарттарға кіріседі. Бұл келесі жылы жүзеге асырылады. Бұл үш қалада ЖЭО мүлдем жоқ. Семей мен Өскемен жылу электр орталықтарының техникалық-экономикалық негіздемесі әлі әзірленбеген. Үш орталық та көмірмен жұмыс істейтін болады»-деді ол.

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапары барысында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейлік әріптесі Николай Шульгиновпен үш жылу электр орталығын салуды көздейтін меморандумға қол қойды.

«Қазіргі таңда жылу электр орталығын салуды көздейтін меморандумға қол қойдық. ЖЭО еліміздің үш қаласында салынады. Бұл Семей, Көкшетау және Өскемен қаласы. Бұған дейін ЖЭО салу бойынша ашық инвестициялық тендер жүргізілді, бірақ жүзеге аспады. Себебі инвесторлыр табылмады. Біз қоршаған ортаны сақтау үшін қатаң талаптар қойдық. Ал Ресейдің еліміздегі ЖЭО қаржыландыруға тоқталып кетсек, әлі нақты инвестицияның сомасы белгіленген жоқ. Алда әлі де дайындық жұмыстары мен техникалық-экономикалық негіздеме дайындау қажет. Егер біз толық жылдың аяғына дейін келісімшартқа қол қоятын болсақ, құрылыс жұмыстары келесі жылы басталуы мүмкін. Ресейдің құрылыс үшін қолданылатын технологиясы біз үшін тиімді»-деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

Айта кетейік, Ресей Қазақстанға үш ЖЭО салуға көмектеседі деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз