Қуандық Бишімбаев болуы мүмкін: Астанада кісі өлтірді деген күдікпен ер адам қамалды

Жарияланды
Фото: Facebook/Қуандык Бишімбаев

Астанада мейрамханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал шығып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, әйел мейрамханада алған жарақаты салдарынан қайтыс болған.

Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды.

Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, қамауға алынған — бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«9 қараша күні сағат 19.54-те қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының пультіне қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасының келуімен 1992 жылы туған әйелдің өлімі анықталды. Мәйіт полицияға берілді»-делінген Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың қаңтарында жемқорлық қылмысы үшін ұсталды.

2018 жылы наурызында экс-министр 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу материалдарына сәйкес, Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына жауапты болған. Сол кезде оның інісі Сұлтан Нұрлыбек 2 миллион доллар көлеміндегі пара алуға делдалдық жасаған.

Соттың шешімі бойынша Бишімбаев мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқара алмайды.

Экс-министр ұсталған сәттен бастап 2 жыл 9 ай қамауда отырды.

2019 жылдың қазанында Қуандық Бишімбаевтың босап шыққаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз