Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй: Ең өзекті сұрақтардың жауабы

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023 жылдың 6 қарашасы мен 12 қарашасы аралығында Астана қаласының Тұрғын үй орталығы «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдайды. Бағдарлама аясында 770 пәтер ұсынылады, ал жалға алу мерзімі – 3 жыл. Кейіннен сатып алу құқығы берілмейді. Ай сайынғы жалдау ақысы – 5000 – 15 000 теңге шамасында. Әрине, мұндай тиімді мүмкіндік 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін өте маңызды, әрі қажетті. Осы орайда бағдарламаға қатысты ең өзекті сауалдардың жауабын ұсынамыз.

Жалдау құны 5000 – 15 000 теңге аралығында. Бұл сомаға коммуналдық қызмет ақысы кіре ме?

Жоқ, бұл шығын тек пәтерді жалға алу үшін ғана төленеді. Коммуналдық төлемдерді жеке, қосымша төлейтін боласыздар.

Астана қаласында 3 жыл тіркелу бар. Бірақ арасында үзілістер болды. Бұл бірге жиынтықта есептеле ме?

Бағдарлама талаптарына сәйкес, өтінім берушіде өтінім берген кезде тұрақты үзіліссіз тіркелу кем дегенде 3 жыл болуы тиіс. Егер сіз 2023 жылы 6 қарашада өтініш берген болсаңыз, онда осы күнге дейін Астанада кемінде 3 жыл үздіксіз тіркелген болуыңыз керек. Яғни тіркеуіңіз 2020 жылы 7 қарашадан басталуы тиіс.

Ерлі-зайыптылардың үш жылдық тіркеуі болуы керек пе?

Үш жылдық тіркеу тек өтініш берушіге қатысты қарастырылады. Бірақ жұбайында және 14 жастағы балаларында тұрақты тіркеу болуы шарт.

Бала 10 жаста. Мен оны қалай тіркеуге қоямын?

Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларына сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркелуге жатпайды. Яғни ата-анасымен бірге бір мекен-жай бойынша тіркеуде жүреді.

Егер менде үй салуға арналған саяжай немесе жер телімі болса, бірақ үй әлі салынбаған. Ондай жағдайда қатыса аламын ба?

Иә. Мүмкін тіркелген жылжымайтын мүлік нысаны, яғни жер телімінде тұрғын үй жоқ. Саяжайда тұру мүмкін емес. Сол себепті бағдарламаға қатыса аласыз.

Бұл тек мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет қызметкерлеріне арналған бағдарлама ма?

Жоқ. Бағдарламаға жасы 35-ке толмаған барлық азаматтар қатыса алады.

Декреттік демалысқа шыққандар қатыса ала ма?

Қатыса алуы мүмкін. Егер сізде кем дегенде 40 айлық есептік көрсеткіш табыс болса. Сондықтан жұмыс орнынан шынымен демалысқа шыққаныңыз туралы анықтаманы қоса ұсынуыңыз керек.

Айлық есептік көрсеткіш кірісі мүгедектік бойынша жәрдемақы, бала күтімі бойынша жәрдемақы болып санала ма?

Мемлекеттік жәрдемақылар өтініш берушінің кірісі болып есептеледі және төлем қабілеттілігін бағалау кезінде ескерілуі мүмкін. Егер сіз жұмыс істесеңіз, бірақ сіздің табысыңыз 40 айлық есептік көрсеткіштен аз болса, бірақ сіз жәрдемақы алсаңыз, сіздің жәрдемақыларыңыз да кіріс ретінде есептеледі және сол сомаға қосылады. Мұндай жағдайда сіз қосымша жәрдемақы алсаңыз, сізге кірістер туралы анықтаманы қоса беру қажет болады.

Егер менің жәрдемақыларым ай сайын кем дегенде 40 АЕК-тен болса, бірақ мен еш жерде жұмыс істемейтін болсам, қатыса аламын ба?

Жоқ. Өйткені бағдарлама жұмыс істейтін жастарға арналған. Сізде жәрдемақылардан бөлек, соңғы алты айда табыс болуы керек.

Егер мен сұранысқа ие мамандықтардың қатарына кіретін білім алсам, бірақ басқа мамандық бойынша жұмыс істесем немесе керісінше, сұранысқа ие мамандық бойынша жұмыс істесем, бірақ осы мамандық бойынша білім болмаса, мен 10 балла аламын ба?

Жоқ. Өтініш берушіге сұранысқа ие 100 мамандық тізіміне кіретін мамандық бойынша ағымдағы кәсіптік қызметті жүзеге асыру кезінде ғана 10 балл берілетін болады.

Депозит тек «Отбасы банкте» болуы керек пе, мысалы менде Kaspi-де есепшотым бар.

Депозитті кез келген екінші деңгейлі банктен алуға болады.

Жеке деректерді өңдеуге жұбайымның нотариалды куәландырылған келісімі қажет пе?

Міндетті түрде нотариалды куәландыру қажет емес. Жұбайыңыздың жеке деректерін өңдеуге қатысты өтінішін тұрғын ұй қоры порталынан, «жеке деректер» бөлімінен ала аласыз.

Айта кетейік, бағдарлама шартына сәйкес, жасы 35-ке толмаған, кез келген жұмыс істейтін азамат қатыса алады. Бұл ретте оның жоғары білімі болуы міндетті емес, яғни 11 жылдық орта білім иесі де бағдарламадан үмітті бола алмақ. Өзге шарттарын мына сілтемеден оқи аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз