Қазақстанның сыртқы резервтері жыл басынан бері 4,3% қысқарды

Жарияланды
фото: kursiv.media

Қазақстанның сыртқы резервтері теріс серпін беріп, ал Ұлттық қордың активтері 2022 жылдың желтоқсандағы деңгейге дейін төмендеп кетті.

Ұлттық банкінің мәліметінше, Қазақстан Ұлттық қорындағы активтерді және еркін айырбастағы валюта немесе алтын резервін қамтитын Қазақстанның халықаралық резервтері соңғы айлардакему серпінін көрсетіп отыр. Қазан айында алтын-валюта резервтері мен еркін айырбастағы валюта 6,5%-ға өсіп, жалпы $33,9 млрд құрады. Алайда жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда ЕАВ активтері 5,3%, ал алтындағы активтер 9,3% төмендеген.

Ұлттық банк активтері де алаңдаушылық туғызады. Себебі бір айда 2,5%-ға $56,3 млрд дейін төмендеген. Бұл 2022 жылы желтоқсаннан бері ең төменгі белгі. 2023 жылғы шілдеден бастап Ұлттық қор активтерінің төмендеуі 6,4% асқан. 

Алтын-валюта резервтері мен Қазақстанның Ұлттық қорын қамтитын жиынтық сыртқы резервтер жыл басынан бері 4,3% қысқарды. 2023 жылдың қаңтарында жалпы резервтер $94,4 млрд құраса, қазан айының қорытындысы бойынша көрсеткіш $90,3 млрд болды. Соңғы айда Ұлттық қордың активтері $1,46 млрд қысқарса, шілдеден бастап $3,85 млрд қысқарған.

Осыған дейін Ұлттық банктің таза сыртқы активтері шілде айынан бастап 570,1 млрд теңгеге ұлғайып, 2023 жылдың қыркүйегінде 43,0 трлн теңге болғанын жазған едік

9 қарашада Ұлттық банк Ұлттық қордың активіне «ҚазМұнайГаз» компаниясының акцияларын сатып алғаны белгілі болған.

Теңгенің тұрақтылығын сақтауға қараша айында мұнайдың қымбаттауы мен Ұлттық қордан шетел валютасын сату біршама ықпал еткен.

Сондай-ақ оқыңыз