Жаңалықтар

Қазақстан мұнай өндіруде ОПЕК+ белгілеген көлемнен асып кетті: ал әлемде қара алтын бағасы төмендеп жатыр

Фото: kursiv.media

S&P Global Commodity Insights шолуына сәйкес, Қазақстанда 2023 жылдың қазан айында мұнай өндіру тәулігіне 1,56 миллион баррельді құраған. Бұл көлем ОПЕК+ келісіміндегі квота мөлшерінен көбірек.

Атап айтқанда, қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанның ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіру квотасы тәулігіне 1,55 млн баррельді құраған. Солайша S&P Global Commodity Insights Қазақстанның қазан айындағы белгіленген квотадан 10 мың баррельге артық мұнай өндіргеін анқтаған.

Ал әлімдегі мұнай бағасына тоқталар болсақ, дүйсенбідегі көрсеткіштерге сәйкес, мұнай бағасы төмендеген. Бұған трейдерлердің ОПЕК пен Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) мұнай сұранысына қатысты жаңартылған болжамдарын күтуі себеп болған.

ОПЕК бүгін, дүйсебіде, мұнай нарығы туралы ай сайынғы есебін жариялайды деп күтілуде, ал сейсенбі күні ХЭА есебі жарияланау тиіс.

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері дүйсенбі күні Мәскеу уақытымен 8:10-да барреліне 80,61 долларды құраған. Бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы көрсеткіштен 0,82 долларға (1,01%) төмен. Жұма күні бұл келісімшарттардың бағасы барреліне 1,42 долларға (1,8%) өсіп, 81,43 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада желтоқсан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,79 долларға (1,02%) арзандап, барреліне 76,38 долларды құраған.

«Өткен аптада Brent маркалы мұнай бағасы 4,1%-ға, WTI 4,2%-ға арзандаған. Жаһандық сұраныс әлсірейді деген қорқыныш салдарынан осы екі сорттағы мұнай үшінші апта қатарынан бағасы тұрақты түсіп келеді»,- деп жазады Market Watch.

Соңғы үш аптада Қытайдан, АҚШ-тан және Еуропадан келген жайсыз сигналдар нәтижесінде Brent өз құнынан 12% жоғалтқан. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты бағаға енгізілген тәуекел құнының төмендеуі де мұнай құнына өз әсерін тигізді. Себебі, нарық қорықққан аймақтан мұнай жеткізуде көпшілік күткендей үзілістер болмаған.

«Осы аптада басты назар ОПЕК пен ХЭА есептерінде. Себебі нарықтағы жеткізілім жетіспеушілігінің кез келген сигналы геосаяси белгісіздіктің төмендеуіне байланысты босаңсыған трейдерлердің көңіл-күйіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін», – делінген ANZ Group Holdings есебінде.