Алматыны айналып өтетін «Жетіген- Қазыбек бек» темір жол желісінің құрылысы басталды

Жарияланды

Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін «Жетіген- Қазыбек бек» темір жол желісінің құрылысы басталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны жүзеге асыру барысында қазақстанның үлесі кемінде 85% болады. Жалпы құрылыс процесінде 130 км теміржол, 3 станса, 13 көпір, 5 т/ж және 1 автокөлік өткелі салынады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Алтынкөл-Қорғас» шекаралық өткелі арқылы өтетін теміржол бағыты соңғы жылдары қарқынды өсім көрсеткенін атап өткен,

«Аталған транзиттік дәлізде Алматы теміржол торабы Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру жүктерді жеткізу мерзімін 2 есеге қысқартады», — деді Премьер-Министр.

2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 23 млн тоннадан артып, тарихи максимумнан асты. 2023 жылдың басынан бері аталған көрсеткіш тағы 22%-ға өскен. Осы жобаны іске асыру Алматы стансасын айналып өтетін «Жетіген – Қазыбек бек «жаңа теміржолына жүк ағынын қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, жаңа теміржол желісі Орталық Азияға, Еуропаға және Каспий теңізі порттарына транзит жүктердің өтуін жылдамдатады.

Жалпы, жаңа желі Алматы торабындағы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартуы тиіс.

Темір жол желісінің құрылысын 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында Елім«Аягөз-Тачэн» темір жолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл меморандум аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржол салынбақ. Сонымен қатар, елімізде терминал құрылыс қолға алынады.

Сондай-ақ оқыңыз