«Медеу» мұз айдыны 15 қарашада ашылады

Жарияланды
Фото: «Медеу» мұз айдыны 15 қарашада ашылады \ shutterstock және freepik

15 қарашада Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін «Медеу» мұз айдынында жаңа маусымның салтанатты ашылуы өтеді.

Жаппай сырғанау 15 қарашада сағат 10:00-ден басталады, ал маусымның салтанатты ашылу рәсімі сағат 13:30-да болады.

«Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілердің мұздағы перфоманстары, жүлделер ұтыс ойыны, флэшмоб, әртістердің қойылымдары, сондай-ақ кешеннің ең белсенді қонақтарына арналған сыйлықтар бар», – делінген қалалық әкімшілік хабарламасында. 

Қазір мұз айдында жаңа маусымға дайындық жұмыстары аяқталып, мұз төсеу жұмыстары басталған.

«Медеудегі» сеанстар кестесі және олардың бағасы туралы ресми сайттан білуге болады. Билеттерді мұз айдын сайтынан, кассадан немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.

Осыған дейін Медеу мұз айдыны орналасқан таулы шатқалдан тас құлауына байланысты жол жабылып, Медеу-Шымбұлақ жолы кесте бойынша жұмыс істейтіні белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз