Жаңалықтар

KEGOC 10 айда 32,7 млрд теңге таза пайда тапты

Фото: KEGOC баспасөз қызметі

«KEGOC» АҚ 2023 жылғы 10 ай қорытындысы бойынша 32,7 млрд теңге таза пайда алды. 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда пайданың өсуі 70%-ды құрады (2022 жылғы 10 айдағы пайда 23 млрд теңгені құраған болатын). Бұрын 2023 жылғы таза пайда 31,5 млрд теңге мөлшерінде болады деп жоспарланған.

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларындағы негізгі қызметтен түскен кіріс 197 млрд теңге болды. 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 23 млрд теңгеге өсті.

Компанияның түсімі негізінен тарифтердің және көрсетілген қызметтер көлемінің өсуі нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтерден түскен кірістер есебінен артты.

2023 жылғы 10 айдағы жалпы шоғырландырылған шығыстар – 168 млрд теңге.

Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну биылғы жылы 10 айда 93,9 млрд кВтсағ құрады, бұл өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ға көп. Электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көлемі 35,9 млрд кВтсағ, Ұлттық электр торабын пайдалану қызметі бойынша көлем 22,7 млрд кВтсағ құрады.

Жақында өткізілген KEGOC SPO қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі 85%-ға дейін қысқарды. SPO барысында барлық инвестор, соның ішінде бөлшек сауда инвесторлары тарабынан қызығушылықтың артқаны байқалады. Нәтижесінде ұйымдастырушылар 34,8 млрд теңге жалпы сомасына 50 мыңнан астам өтінім алды. Осылайша, сұраныс жоспарланған орналастыру көлемінен 1,5 есеге асты.

«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденд төлеу мерзімділігі – жылына 2 рет. 2023 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ 20,2 млрд теңге немесе таза пайданың 87%-ы мөлшерінде дивиденд төледі. Бекітілген дивиденд саясатына сай таза пайданың кем дегенде 60%-ы дивиденд төлеуге жұмсалатын болады.