Отбасына қатысты саясат толығымен қайта қаралуы керек – Светлана Жақыпова

Жарияланды
Жақыпова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірді \ kursiv.media

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр Светлана Жақыпова қоғамда талқыға түсіп жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы пікір білдірді.

«Мен заңды қатайту керек екенін түсінемін. Біз соңғы 5 жыл бойы заңды қатайтып келеміз. Бірақ оған қарамастан, нормаларды көпшілік қабылдай алмай келеді. Мен отбасыға қатысты саясат толығымен қайта қаралуы керек деп ойлаймын. Отбасындағы тәрбие, ер адамның әйел адамға, баланың ата-анаға деген қарым-қатынас мәдениеті, барлығы жан-жақты қаралуы қажет. Бізге жат құндылықтар цифрландырумен, интернет арқылы келген болар. Зорлық-зомбылық әлеуметтік желі мен интернет арқылы таралды. Бізге мәселені түп-тамырынан өзгерту қажет», – деді министр деп жауап берді министр журналистердің «тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғам талқысына түсіп жатыр, осы мәселеге қатысты заңға қандай өзгерістер керек» деген сұрағына.

Ал депутат Марат Бәшімов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікірін сұрағанға «Без комментариев» деп жауап берді.

Жақыпова қоғамға белгілі тұлғалардың заңды қатайтуды бойынша талаптарын естіп-біліп жатқанын айтты.

«Заңды қатайту қоғамдық шешім болуы керек. Жалпы қоғам болып тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруымыз керек. Бір рет қана қол көтерді кешіре салайық дегендей болмауы қажет. Егер ертең ол норма болып кетсе, біз басқа жаққа бет бұрамыз», – деді министр.

Еске салсақ, осыған дейін мәжіліс депутат Марат Бәшімов «кейде әйелдердің өздері провакация жасап, қол көтеруге мәжбүр етеді. Провокация ұғымы халықаралық адам құқықтарын қорғау ережелерінде бар екенін, бірақ біздің елде заң әйелдерді ғана қорғайтынын» айтқан болатын.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет мүшелері арасынан Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада кешке қарай бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі оның ұсталғанын растады.

2018 жылы сотталған Қуандық Бишімбаев қандай жағдайда босап шыққаны туралы жазған едік.

Осы оқиғадан кейін қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты талқылау күшейген

Сондай-ақ оқыңыз